Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Түркібасы орта мектебінде «Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Семинар Х.Юсупалиевтың «Қызықты әлемге саяхат» тренингімен келушілерді ерекше көңіл-күймен қарсы алуымен басталды.
Семинар барысында мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өтті. Атап айтсақ, «Ұлы даланың ұлтаралық тілі мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс-тәсілдерін көрсету» атты тақырыпта Г.Сатпаева, «Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл» тақырыбында 5 «а»-сыныбымен Б.Абжапарова ашық сабақ өткізді. Қос ұстаздың ашық сабақтары әріптестері тарапынан жоғары бағаланды.
Ал 3 «б»-сыныбында Д.Атабаеваның «Сіздің балаңыз жаяу жүргінші», 11 «а»-сыныбында А.Турлыбекованың «Толық адам ілімі» тәрбие сағаттары, 9 «а»-сыныбында Е.Нұржігітовтың «Әкем айтқан нақыл сөз» дөңгелек үстелі мен 7 «а»-сыныбында Д.Миразизованың «Дара тұлға – Бейбарыс» әдеби-вернисажы мақсатына жетіп, қатысушыларды бірден әсерлі сабақтарымен баурап алған еді.
Бұдан бөлек, мектеп педагогы Х.Мирхаликова «Әкеге – ізет, анаға – құрмет», ал 11 «б»-сыныппен С.Перметова «Отбасылық дәстүр» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары жоғары деңгейді өтті. Семинар соңында М.Мирхаликовтың ұйымдастырумен «Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы» спорттық іс-шараға ұласса, Т.Сартаев пен М.Ботамбаеваның дайындауындағы ұлттық құндылықтарға негізделген концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Семинарға қатысушы педагогтер өткізілген сабақтарға өз ұсыныстарын айтты және диалогтік алаң жүргізілді.