Басшысы үздік мектептің оқушылары да оза шабуда

image.png

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады». Мағжан Жұмабаев осы сөзімен мектептің қоғам үшін, ел үшін, мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады. 

 Ел Президенті Қ.Тоқаев та білім саласына, мектеп құрылысына, жайлылығына ерекше көңіл бөліп келеді. Әсіресе мемлекет басшысы ауыл мектептерін дамыту керектігін алға тартуда. Заман ағымына сай шәкірттерге сапалы білім беріп келе жатқан Сауран ауданы  Шобанақ ауылындағы Төле би атындағы жалпы орта мектебі. 

Мектеп ашылғалы бері қаншама ұлағатты ұстаздар ел перзенттеріне білім нәрін беріп келеді және өздерінің міндеттерін абыроймен атқаруда.

Еліміздегі ертеңгі тізгін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген аса маңызды да жауапты міндет. Осы жауапты міндеттің үдесінен табылып, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай көтере білген ұстаз, басшы Османов Халдар Асенұлы 2018 жылдан бері мектеп директоры қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда мектепте 713-ге жуық оқушы білім алуда. Оқушылар екі ауысыммен оқиды,сабақтар қазақ және өзбек тілдерінде оқытылады. Жалпы мектепте 122 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 89 педагог шәкірттерін аянбай білім нәрімен сусындатуда.

Мектептің педагогикалық ұжымы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде тынбай еңбек етіп келеді. Мектептегі педагогикалық ұжым мектептің оқу-тәрбие үрдісіне жаңа мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі бойынша тәрбие мен білімді ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс атқаруда. Атап айтар болсақ, бұл білім мекенінде 3 педагог-шебер, 16 педагог-зерттеуші, 15 педагог-сарапшы, 35 педагог-модератор, 7 магистр біліктілік санатына ие мұғалімдер еңбек етеді.

Мектеп оқушылары мұғалімдердің ізденімпаздылығы мен еңбектерінің арқасында халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанып келеді. Әрине, ұстаздық жолында үлгі тұтатын мектепте еңбегі сіңген ұстаздар да баршылық. Атап айтсақ, 40 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың қатарында Аметова Огул, Абухаликова Сабахат, Убайдуллаев Бахадир, Саркулова Шакира, Убайдуллаева Гулчехра, Абдураимова Аширай болса, әртүрлі байқау олимпиадаларда оқушылары топ жарып келе жатқан ұстаздар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдурасул Умаров, Мухаббат Хатамбаева, Тажихан Азимова, Абдуқадир Умаров, Илхам Жұмабаев, Османов Бабирхан, Умарова Бибихадиша, Бағлан Есей, Әбдрей Аймандарды айтуға болады.

Аталмыш мектеп мұғалімдері ізденуді тоқтатпай өз білімдерін ұдайы шыңдап, шәкірттерімен бірге биік шыңдардан көрініп келеді. 

- «Биылғы оқу жылында бірқатар оқушыларымыз түрлі сайыстарға қатысып , жүлделі орындардан көрінуде. Атап айтар болсақ, «Дарын»республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен тарих пәнінен өткізілген «Тарих ата» олимпиадасында 35 оқушы 1,2,3 орындарды иеленді». Сонымен қатар, «Абайтану» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Бекполатова Зухра 3-орын,5-9 сынып оқушыларының арасында өткізілетін «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің нышаны»атты өзге ұлт өкілдеріне арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Абусаттарова Жасмина 2-орын, 9-сынып оқушысы Абдусаттарова Нигора 3-орынды иеленіп қайтты. Аудандық «Мұқағали оқулары» байқауынан 11-сынып оқушысы Абдиманнапова Мухлиса 2-орын, «Қазақ хандығының басқару жүйесі және қазақтың үш биі» тақырыбындағы сурет байқауында Байметова Севинч 2-орын иеленді. Аудандық «Тарихи қажеттілік дүниеге әкеліп, заман қажеттілігі кіндігін бірге кескен билер «атты шешендік сөздер мен толғауларды жатқа мәнерлеп айтудан 9-сынып оқушысы Сулеймен Дияна 2-орын, 9-сынып оқушысы Бекполатова Зухра 3-орын иеленді. Облыстық математика пәнінен ұйымдастырылған «Алтын сақа» олимпиадасынан 3-сынып оқушысы Нематжан Нұржан 3-орын, 4-сынып оқушысы Балтабай Мұқадас 2-орын, 4-сынып оқушысы Махмұд Нұрай 2-орынды иеленді. Облыстық «Бастау» олимпиадасына Мухаметжан Давлатбек қатысып 3-орын, 2-сынып оқушысы Иса Бекнұр жүлделі 2-орын иеленді»,- дейді мектеп директоры Халдар Османов.

Ұстаздан шәкірт озар демекші мектептің жетісішігі мұнымен бітпейді. 6-сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасына қатысқан Нусратуллаев Нұрсұлтан үздік 1000 бала қатарына енді.

11-сынып оқушыларына арналған республикалық «Яссауитану» олимпиадасына 11-сынып оқушысы Мұратов Нұрдаулет қатысып ХҚТУ грантын жеңіп алды.

Облыстық ғылыми жоба байқауында 10-сынып оқушысы Марик Мафтуна «Қазақ қоғамындағы би шешендер мұрасы» атты ғылыми жоба байқауында жүлделі 1-орынды иеленді.

Облыстық «І.Жансүгіров оқулары» байқауында Жұмабаев Нұрдаулет 1-орын, «Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша Абдуллаев Руслан 2-орынды иеленді.

«Мағжан оқулары» бойынша 9-сынып оқушысы Бекполатова Зухра мәнерлеп оқу кезеңі бойынша 1-орын, 9-сынып оқушысы Абдуллаев Руслан ақындық кезеңі бойынша 2-орынға ие болды. 

Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушылар «Білгірлер бәйгесі», «Жас қаламгер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Бейнелеушілер» бағыттары бойынша 1, 2, 3-орындарды иеленді.

Аудандық 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген пәндік олимпиадада 24 оқушы жүлделі 1,2,3 орындарды иеленсе, облыстан химия пәні бойынша Мұхамедраимов Рамазан жүлделі 2-орынға ие болды. Облыстық 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілген пәндік олимпиадада 6-сынып оқушысы Көпжасарова Еркенұр биология пәнінен жүлделі 2-орынға ие болды. Аудандық 7-8-сынып оқушылары арасында пәндік олимпиададан 7-сынып оқушысы Исматуллаев Хусниддин жүлделі 1-орынды иеленді.

Аудандық «Абай» оқулары байқауында 4 оқушы 2,3 орын иеленді.

Республикалық «El umiti» бастамасын іске асыру аясында елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған «Елбасы медалі» жобасына қатысып, қола медальді 11-сынып оқушысы Абдиманнапова Мухлиса мен Бекполатова Зухра жеңіп алды.

Республикалық «El umiti» бастамасын іске асыру аясында елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған «Оқуға құштар мектеп» аясында өткізілген байқауда 9-сынып оқушысы Бекполатова Зухра 1-орынды иеленді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырып, рухани- адамгершілік тұрғысынан тәрбие мен білімді қатар беріп, білімді терең игерудің бірден-бір жолы- заманауи тиімді әдіс-тәсілдер арқылы шығармашылыққа жетелеу - бүгінде ұстаздарға қойылатын басты талап. Мектебіміздің ұстаздары республикалық, облыстық, аудандық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Атап айтсақ, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Абдурасул Умаров «Үздік оқу ісі орынбасары – 2022» номинациясын жеңіп алды. «Үздік қосымша білім беру педагогі-2023» байқауынан Азимова Гулхае 2-орын иеленді. «Өнерлі ұстаз» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Әбдрей Айман 1-орынға ие болды. Халықаралық өрлеу, өркендеу ғылыми ақпараттық танымдық – тәрбиелік журналының ұйымдастырылуымен өткізілген «Үздік педагог» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Абсадыкова Алима, Исмаилова Нигора, Исмаилова Гузал 1-орынды жеңіп алды.

Мектептің 2023-2024 оқу жылындағы спорт түрлерінен жеткен жетістіктері де жетерлік. Оқушыларымыз мектеп ұлттық лигасына қатысып, көптеген нәтижеге қол жеткізді. Айтар болсақ, аудандық, облыстық мектеп лигаларынан футбол, баскетбол, валейбол, гандбол ойындарынан жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, футболдан III орын ұлдар арасында, валейболдан I орын қыздар, III орын қыздар, баскетболдан II орын қыздар, гандболдан II орын ұлдар еншілеп қайтты. Сауран ауданы бойынша жалпы командалық сайыста валейболдан қыздар арасында I-орынды иеленді. Айтулы спорттық жарыстарға баптаған мұғалімдеріміз - Б.Убайдуллаев, Ш.Абдуримов, У.Турманов, Б.Жумабаев, А.Мусаев, Ғ.Омаров, Р.Пирметов, А.Турметовтердің еңбектері зор.

«Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл Фараби бабамыз айтқандай, мектебімізде тәрбие жұмыстары 8 бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Кәмелет жасқа толмаған оқушылар арасында құқық бұзушылықтың тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Сауран аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог мамандарымен, қоғамдық келісім КММ-ның мамандарымен дін мәселелері зерттеу орталығының теолог мамандарымен оқушылар арасында кездесулер өткізіліп тұрады. Сол өткізіліп тұрған іс-шаралардың нәтижесінде мектебімізде құқық бұзушылық жағдайлар мүлдем орын алмады», - дейді мектеп директоры. Айтпақшы, мектеп директоры Халдар Османовтың өзі де аудандық байқауда «Үздік мектеп - басшысы» атанған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер