Тарихы терең мектеп

image.png

«Ауыл балаларының білім алу мүмкіндігі шектеулі екені баршаға мәлім. Бұған қажетті құрал-жабдықтың және білікті педагогтердің тапшылығы себеп болып отыр. Ауылдағы білім ошақтарының тең жартысы – шағын мектептер. Онда барлық пәннің мұғалімі бола бермейді. Бір сыныпта әртүрлі жастағы балалар оқиды. Мұның бәрі – жылдар бойы қордаланған түйткілдер. Оның көбі жұрттың жаппай қалаға көшуіне байланысты туындап отыр. Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл өткен  Республикалық педагогтер съезінде айтқан сөзі. Мемлекет басшысының айтуынша алдымен ауыл мектептерінің жағдайын көтеріп, ондағы білім сапасын арттыур қажет. Бүгінде білім сапасы жағынан қала мектептерінен кем түспейтін ауылдың білім ошақтары жетерлік. Солардың бірі Сауран ауданы  Қосмезгіл ауылындағы «Жұмабек Тәшенов» (бұрынғы атауы «Қызыл Әскер») жалпы орта мектебі алғашқы рет 1929-1933 жылдары жеке үйде балалардың сауатсыздығын жою мақсатында «Бастауыш сауаттандыру мектебі» болып Мажид қары Ашрафидің басшылығымен ашылған. Ауыл балаларының сауаты ашылғанына қуанып ел ұл-қыздарын мектепке көптеп бере бастады.Білімі кеңейе түскен ұстаздар мектепті жеті жылдық жаппай сауатсыздықты жою мектебі дәрежесіне көтерді.1933-1941 жылдары ұстаздардың басшысы Арзиметов Машраф ағайға да оқулықтың жоқтығы қиындық туғызды.Кейін 10 жылдық болып материалдық базасы үлкейді.Осылайша 1949 жылы мектептің алғашқы түлектері болып 14 оқушы бітіріп шықты.1954-1968 жылдары мектепке басшылық жасаған Әбіш Жумадуллаев ұстаздардың білімділігін арттыруға, білім сапасының сапалы болуына, мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға көп еңбек сіңірді. 1968-1978 жылдары химия- биология пәнінің мұғалімі Абдувахаб Жиенбаев ұстаздарға басшылық жасап, мұғалім кадрларды қалыптастырды.Ауылда ұстаз кадрлардың қалыптасуына мектеп ұстаздарын 78-ге жеткізді.

Мектептің материалдық базасы нығайып 620 оқушыға арналған Түркістан ауданындағы алғашқы мектеп. 1978-1987 жылдары Хамид Жумадуллаев «Ленинизм» колхоз төрағалығымен мектеп ұжымын басқаруға ауысты. Оқушы санының 620 дан 720 ға көбеюіне байланысты, мектеп жанында 8 бөлмелі оқу тәжірибе шеберханасы салынды. 1987-1992 жылдары осы мектеп түлегі, өзбек тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сұлтанбай Халдарбеков Ғаниұлы ұстаздар мен шәкірттерге басшылық жасап, мектептің материалдық техникалық базасын нығайтып 8 бөлмелі оқу шеберханасын толық пайдалануға берді. Мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарын әрі қарай жалғастырып, жылу жүйесін тиімді тәсілмен жұмыс істеу режиміне көшірілді.

1992-1996, 2006-2010 жылдары Ахметов Сейілхан Ыбыханұлы басшылық жасады. Педагогикалық іс-тәжірибелердің облыс, Республика көлемінде таратылуына ғылыми негізінде тұжырымдап, пәндік олимпиядалардың Республикалық жеңімпаздарын шығарды. Мектеп аудан көлеміндегі іргелі үлгілі мектептер қатарына қосылып, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату орталығына айналды. Бірнеше рет Республикалық, облыстық семинар, басқосулар және Республикалық санаулы мектептердің іс тәжірибелері өндірісіне енгізілді. Оқушылар ҰБТ нәтижесі бойынша оқу гранттарын жеңіп алып, ұстаздар еңбегін ақтады.2004-2005 оқу жылдары мектеп қала көлеміндегі алғашқы бестіктен көрінді. Облыс көлеміндегі алғашқы бестіктен көрінді.

1998-2006 жылдары физика пәні мұғалімі Асалат Жиенбаева Абдувахабқызы басшылық жасап, мультимедия компьютер сыныптарының жабдықталуына үлес қосып, жеке автономды жылу жүйесін іске қосты.

2006 жылдан бастап мектеп директорлығына Бегметова Дларам Абылайқызы тағайындалды. Д.Бегметованың басшылығында білім мен тәрбие беру ісінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.

2021 жылдан бастап мектеп басшысы болып Қалиев Қанат Амангелдіұлы тағайындалды. Бүгінгі таңда ұстаздар мен шәкірттерге басшылық жасап көптеген игі істердің ұйытқысы болып келеді.

Ж.Тәшенев атындағы жалпы білім беретін мектебінде бүгінгі таңда 179 мұғалім, 29 кіші қызметкер, 2 мектеп мейірбикесі, 2 кітапханашы қызмет етеді. 1080 оқушы білім алуда. Мектепте оқушылар түрлі мектепшілік сайыстарға және пән олимпиадаларына аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға интернет арқылы қашықтықтан өтетін олимпиадаға қатысып, әртүрлі жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, оқушы А.Мырзахмет (жетекшісі П.Арынов) география пәні бойынша облыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді. Ч.Салиханов (жетекшісі Г.Мамбетова) «Махамбет оқулары» аудандық олимпиадаға қатысып, 3 орынға қол жеткізді. Н.Қудайбергенов (жетекшісі Тохташова М) бастауыш пәні бойынша 2 орын «Qalan.kz» байқауына қатысып, 2 орын иеленсе, Есиркеп Ф (Тохташова М) бастауыш пәні бойынша «Бәйтерек» республикалық олимпиадасына қатысып, 2 орынға қол жеткізді.

И.Алишеров бастауыш пәні бойынша «Кенгуру» олимпиадасына қатысып, 1-дәрежелі диплом иеленді. А.Орынбасар (жетекшісі Г.Анарбаева) биология пәні бойынша олимпиадаға қатысып, 2-орын иеленді.

Ауыл мектебінде түрлі жобалар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда мектепте «Еңбек – елдің мұраты» атты тақырыпта жоба қолға алынды. Мектеп психологтары мұғалімдер арасында тренинг сабақтар өтті. Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты күшейту мақсатында ата-аналарды қолдау орталығы ашылды. Мектептің кітапхана қызметкерлері оқуға құштар мектеп жобасы аясында мектеп кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына байланысты мәнерлеп оқу іс-шарасын өткізді. Оқу ісі орынбасары Абдуллаеваның ұйымдастыруымен «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы қолға алынды. Кітап мәртебесін көтеру мақсатында. 11 сынып оқушысы Тажиметова Дильназ жетекшісі Әбілдахан Ұлжалғас Республика күніне орай өткізілген «Мың бала» мәдени ағартушылық жобасының облыстық байқауына қатысып, 1 орын иегері атанды. «Спорт деңсаулық кепілі» тақырыбында көптеген іс-шаралар жүйелі түрде өтуде.

Егемен еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты жарасымды дамыған тұлға етіп тәрбиелеу ұстаз алдындағы міндет. Қазіргі таңда білім мен тәрбие беру ісінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Мұғалімдер республика, облыс көлемінде, оқушылар облыс, қала көлемінде жетістіктерге жетіп марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер