Үздікке кіруге ұмтылуда

image.png

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды»,- деген болатын. Президент айтқан жайлы жағдайды Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде  орналасқан  М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінен табуға болады. 

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беру мекемесі 2023-2024 жаңа оқу жылына үлкен дайындықпен кірді. Биыл мектеп 93 жылдық оқуына кірді. 1956 жылдан бастап қазақ-өзбек мектебі болды. Оған дейін өзбек, латын, араб тілдерінде дәріс берілді. Мұхтар Әуезов есімі 1967 жылы берілген. Оған дейін Оранғай ауылдық мектебі болған. Қазіргі таңда 1400-дей бала биылғы оқу жылында мектепке барған. Биылғы жаңа оқу жылында жақын маңдағы елді мекендерден арнайы автобуспен тасымалданып, қатынайтын 400-ге жуық бала бар. Нақтысы 390 оқушы. Осы балалар оқитын Шымқорған көшесінде 150 орындық мектеп салынып жатыр. Осы мектепті биылғы оқу жылында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз дейді мектеп директоры Нұрлан Қадыров. «Оның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген кезде 300-ге жуық оқушы сол мектепке ауыса алады. Одан бөлек еліміздегі Ұлттық «Жайлы мектеп» жобасына қатысып отырмыз. Ол 600 орындық мектепке 400 оқушымыз баратын болса, жаңа мектепке 40 мұғалім баратын болса, «Жайлы мектепке» елуге жуық мұғаліміміз ауысады. Ал, өзіміздің 940 орындық мектебімізде 600 оқушы кең жерде, емін-еркін бір ауысымда білім алатын болады. Бұл арқылы біз үш ауысымдық жағдайдан шығатын боламыз. Мектепке дейінгі және бірінші сынып пен бастауыш сыныптар, 9 сыныпқа дейінгілері жергілікті жерде оқиды. Мекен жайы ауысса, басқа жаққа көшетін болса, сонда ғана жақын мектебіне ауыса алады. Ал 11 сыныптың балалары қалаған мектебінде оқуға баруына таңдау жасауға құқығы бар. Олардың Түркістан қаласына да қатынап, жоғарғы оқу орындарына түсу үшін қосымша репетиторлар жалдап, курстарға баруларына мүмкіндігі ашылады. Оған дейін мекен-жайы қай жерде орналасқан болса, соған жақын мектептерге барып оқиды»,- дейді мектеп басшысы.

Қазіргі таңда аталған біздің мектепте 165 мұғалім бар. Оның үшеуінде ғана арнаулы оқу орындарының дипломы бар. Қалғандарының барлығы жоғары білімді. 15 магистр бар. Мұғалімдер заңда белгіленген тиісті мерзімдерінде аттестациялық сынақтардан өтіп жүр. Алты мұғалім шебер-сарапшы. Биылғы оқу жылынан, 1-қыркүйектен бастап мектеп алды даярлық сабақтарын өткізетін тәрбиешілердің, мұғалімдердің де айлық жалақылары өсіп, ауыл үстаздарынының мерейін тасытқаны анық.

Биыл киелі шаһар Түркістанның  облыс мәртебесін алғанына бес жыл толып отыр. Осы аралықта мұғалімдердің сапалық деңгейі өсе түсуде. Облыстық, республикалық байқауларда топжарғандарын атап өтуге болады. 

Осы жылы  мектепті 69 бала бітірген болса, солардың 25 Мемлекеттік грантқа ие болған. Өзгелері Түркістан, Шымкент, Жамбыл, Алматы қалаларындағы жоғарғы оқу орындарына, техникалық колледждерге таңдаған мамандықтары бойынша тапсырған. Былтырғы жылы 21 бала Мемлекеттік гранттарға ие болса, биылғы жылы ол меже 25-ке орындалып отыр. Сапалық құрамы бойынша мұғалімдердің жиырмадан астамы біліктілік деңгейлерін өздерінің қалаулары бойынша Назарбаев мектебі секілді біліктілігін жетілдіру институттарында оқығаны туралы сертификаттарымен көтеруде. 

«Мен өзім де мектеп басшыларына арналған тоғыз айлық және алты айлық менеджменттік курстарды бітірдім. Бұл ізденістердің барлығы мұғалімдеріміздің уақыт талабына сай болып, оқушыларға сапалы білім беру жолындағы өзіндік ізденістерінің нәтижесі деуге болады. Бұл арнайы белгіленген кесте бойынша жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Биылғы жылы республикалық пәндік олимпиада болды. Сол 2022-2023 оқу жылында олимпиада бойынша аудандағы елуге жуық мектептің ішінде жүлделі екінші орын алдық. Он екі бала ауданда өздерінің сүйікті пәндері бойынша жүлделі орындарға ие болды. Біреуі облысқа жолдама алды. Қалғандары екінші, үшінші орындарға қол жеткізді. Ал, спорттық жарыстар бойынша біздің мектептің оқушылары дойбыдан, еркін күрестен, тоғызқұмалақтан үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Бесінші сыныптағы екі оқушымыз әлем кубогі үшін Ташкент қаласында өткен жарысқа қатысып қайтты. Абдулла Арман мен Құдайберген Нұрасыл екеуі де екінші, үшінші орындарға ие болды. Ол екеуі де Қазақстанның чемпиондары. Біздің Сымбат Мырзахан деген қызымыз Қызылорда қаласындағы қыздар арасындағы дойбыдан жарыстан Бас жүлдемен оралды. Қазақстан біріншілігінде үнемі бірінші, екінші орындарды алып жүр. Біздің ұл –қыздарымыз 10-16 жас аралығындағы төрт категория бойынша үнемі жүлдеге ие болып келеді. Олар облыстан бірінші орын алса, Республикалық жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алуда. Мектеп бітірген түлектеріміз де Республикада топ жарып жүр. Мектеп оқушыларымыз облыста тоқызқұмалақтан үнемі алда келеді. Еркін күрестен бапкер Өтепберген Балақай дайындаған балуандарымыз Республика чемпионы атанды. 15-17 жастағы жасөспірімдер арасынан чемпиондарды күтіп алдық. Азия біріншілігінен үшінші орын алып, Әлем біріншілігіне жолдама алды. Бұлардың осы біріншіліктерге екі спорт кешенінде әзірленуіне мүмкіндіктері бар»,- дейді мектеп директоры.

Қазір мектеп ұжымының басты мақсаты  Қазақстандағы «Үздік 100 мектеп» қатарына ену. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер