Шағын мектептің таудай жетістіктері қуантады

image.png

Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Майдантал» ауылдық округінде орналасқан «Қаражон» шағын жинақталған жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетістіктері қуантарлық және көпке үлгі. «Қаражон» шағын жинақталған жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1991жылы салынып, қолданысқа берілді.

Қазіргі таңда 165 оқушы білім нәрімен сусындауда. Барлық педагог саны - 43 болса, олардың ішінде жоғары білімдісі - 42, арнаулы орта білімдісі бір мұғалім. Педагог шебер жоқ, педагог зерттеуші - 6, педагог сарапшы - 9, педагог модератор - 15, Магистр – 2 педагог, ОББ мақтау қағазымен марапатталған – 6.

Шокаманов Сержан Оспанұлы «Қаражон» шағын жинақталған жалпы орта мектебінде 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап еңбек етіп келеді. Өзінің біліктілігі мен ізденімпаздылығын оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, рухани құндылығы жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу жолына арнаған дене шынықтыру пәнінің шебер мұғалімі. Дене шынықтыру сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді ықпалдастыра отырып пайдаланып, оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын тереңдете түсу жолында жаңашыл қырларынан танылған. Сонымен қатар өз сабақтарында оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, топтық, жұптық ойындарда топ мүшелеріне қолдау көрсетуге, ынтымақтастық орта құруға және бірлескен жұмыс жасауға жұмылдыруға зор еңбегін сіңірген. Қазіргі заман талабына сай кез-келген жаңаша өзгерістердің қолдаушысы болып, өз тәжірибесінде білім беру жүйесін жандандыру жолында тиімді жұмыстар жүргізіп келеді. Осындай жұмыстарының нәтижесінде оқушыларының жеткен жетістіктері де бар.

2012 жылы желтоқсан Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында өткізілген дойбы жарысында жүлделі 1орын алғаны үшін Ағалова Жансая мақтау қағазымен марапатталған. 2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалында «Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру» бойынша курстан өтіп сертификатталған.

2015 жылы наурыз Қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасындағы волейбол жарысында жоғары дәрежеде ойын көрсетіп жүлделі орын алғаны үшін марапатталған. «Шорнақ» жалпы орта мектебінде өткізілген «Дойбыдан» оқушылар арасындағы спартакиадада оқушысы Бектұрсынов Нұрлан 1орын алған. 2015жылы наурыз Қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылар арасындағы волейбол жарысында жоғары дәрежеде ойын көрсетіп ІІ орын алғаны үшін «Қаражон мектеп командасы» марапатталған. 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының грамотасымен марапатталған. 2016 жылы Үстел теннисінен Шымкент қалалық №6 теннис спорт түрлерінен МБЖСМ КММ-нің қысқы ашық біріншілігінде II-орын алғаны үшін Жақсылық Ермек марапатталған. 2016 жылы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2016жылы Шалдар ауылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақ күресінен 2001-2002 жж жасөспірімдер арасында өткізілген «№4 БЖСМ-нің» ашық біріншілігінде ІІ орын алғаны үшін Мұсахан Тілеухан марапатталған. 2017 жылы Белбеу күресінен 2002-2004 ж.т жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионатында 57 кг салмақ дәрежесінде Тұрғанбай Гүлдана III-орын алған. 2017 жылы Қазақ күресінен 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионатында 57 кг салмақ дәрежесінде III орын алған. 2017 жылы 25 наурызда Шәуілдір ауылы Қараханқажы Сартбайұлын еске алуға арналған 2007 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында үстел теннисінен өткен облыстық ашық біріншілікте I орынды Шариатулла Шалқар, II орынды Шариатулла Данел, III орынды Жақып Айбол иеленіп, дипломмен марапатталған. 2017 жылы наурыз Шымкент қаласы Қазақ күресінен «Қазақстан Барысының» күміс жүлдегері Жұманазар Ерсұлтановтың жүлдесіне арналған 2000-2001жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ОҚО ашық турнирінде І орын алғаны үшін Сейдін Нұрдаулет дипломмен марапатталған. 2017 жылы 31 наурыз «Мәңгілік ел ұлттық идея ретінде» тақырыбына арналған «Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жасалған үздік баяндамасы кітапқа енген, сертификаты беріліп алғыс хатпен мараптатталған.2017 жылы 7 сәуір Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ШЖМ білім беру процесін басқару» тақырыбында курстан өтіп сертификатталған.

2017 жылы «Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға құнды баяндама ұсынып, басылымда жарық көрген. ХҚТУ кітабының І томы, 2017 жыл. 2017 жылы желтоқсан айында ауыл әкімінен ел игілігі жолында атқарған қадамдары үшін «Алғыс хатпен» марапатталған. 2016-2018 жылдар аралығында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тамамдап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

2016 жылдың наурыз айының 18 – нен бастап осы мектепке мектеп директоры болып тағайындалды. Мектеп директоры болып тағайын-далған сәттен бастап мектепте көпте-ген іс-шаралар мен жетістіктерге қол жеткізді. Шокаманов Сержан Оспанович осы мектепте басшылық еткен жылдары мектеп бітірушілер ҰБТ бойынша жоғары балл жинап, грант иегерлері атанған.

2020-2021 оқу жылында «Алтын белгі» иегерлері үш оқушы, Шариатулла Балнұр, Темірханқызы Айжаным, Бижан Жанерке атанды.

2021-2022 жылы «Үздік аттестатты» бір оқушы иеленді. Шариатулла Шалқар. 2022-2023 оқу жылында екі оқушы «Үздік аттестатты» иеленді. Олар: Кенжетай Диана, Сейдін Дана.

2021-2022 оқу жылында Көкшетау қаласында өткізілген Республикалық жарыстан «Бес асық» үйірмесі бойынша мектептің қыздар арасында өткізілген жарыстан жүлделі III орында иеленген Хабибулла Гүлім мен Маханбетәлі Ақжан мектеп намысын қорғады.

2021-2022 оқу жылында Сарыағаш облысында «Бес асық» ұлттық ойын түрінен 5-6 сынып қыздар командасы I орын алған.

2021-2022 оқу жылында Талдықорған қаласында өткізілген Республикалық үстел теннисі жарысында мектептің 6-сынып оқушысы Ибахан Санжар Қазақстан чемпионы болды.

2021-2022 оқу жылдарында мектептің теннис үйірмесіне қатысатын оқушылардың қалалық жарыстардан алған жүлделі орындары бар.

2021-2022 оқу жылында 5-6 сыныптар арасында өткізілген Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде орын алған оқушылар да бар. Оларды атап өтер болсақ, Төрехан Альбина, Кенжетай Кәусар, Беркінбай Перизат, Ғайса Үміт, Нұрғали Құрбанайым, Әшімхан Азаматтар жүлделі екінші, үшінші орындарды жүлделеген.

2022-2023 оқу жылының жетістіктері бойынша Мәшүр Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны туралы эссе жазу бойынша 9 сынып оқушысы Абдрай Арша ІІІ орынды иеленді.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бойынша ғылыми жобадан 11 сынып оқушысы Сейдін Дана ІІ орын алған болатын. Қожа Ахмет Ясауи мұрасының түркі елінде насихатталуы бойынша эссе байқауынан 11-сынып оқушысы Сейдін Дана ІІ орынды иеленді. «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбы бойынша Сауран аудандық байқауда жүлделі орындарға ие болған Сағынтай Айым ерекшеленді. «Тұлпар мініп ту алған» өнер фестивалінде Әлдін Диана эстрадалық ән байқауынан Алғыс хат алған болатын. Биылғы оқу жылында «Тәуелсіздік – тұғырым» аудандық байқауда Хабибулла Гүлім 8 сынып оқушысы Алғыс хатпен марапатталды.

2022-2023 оқу жылында Талдықорған қаласында өткізілген Республикалық үстел теннисі жарысынан 7 сынып оқушысы Ибахан Санжар Қазақстан чемпионы атағын алған. 2021-2022 оқу жылында Көкшетау қаласында өткізілген Республикалық жарыстан 5-6 сынып қыздар командасы «Бес асық»Ұлттық лигасынан ІІІ орын иеленген. Өткен оқу жылында облыстық жарыста 5-6 сынып қыздар командасы «Бес асық» І орын иеленген. Биылғы оқу жылында облыстық жарыс 5-6 сынып қыздар командасы «Бес асық» Ұлттық мектеп лигасынан ІІІ орын алды. 2022-2023 оқу жылында облыстық жарыс 8-9 сынып қыздар командасы Үстел теннисінен І орын иеленген. 2022-2023 оқу жылында аудандық жарыс Р.Нұрлыбекұлы, Д.Ахмет, Ә.Қалатай, Г.Хабибуллалар үстел теннисінен І орынды иеленіп облысқа жолдама алған. 2022-2023 оқу жылында облыстық жарыстан 9 сынып оқушылары Р.Нұрлыбекұлы, Д.Ахмет, Ә.Қалатай, Хабибуллалар үстел теннисінен ІІІ орынды иеленді. Ауыл әкімінің ұйымдастыруымен өткізілген жүгіру марафоны бойынша 9 сынып оқушысы Е. Мырзақасым ІІІ орынды иеленді. 2022-2023 оқу жылында оқушылар арасында волейболдан өткен аудандық жарыстан мектептің ұлдар командасы ІІ орынды иеленді. «Кентау спорт клубының» үстел теннисінен 2008 - 2013 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық біріншіліктен Керімбек Асылан І орын алды. 2023 жылы «Кентау спорт клубының» үстел теннисінен 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013 ж.т. жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық біріншіліктен 9 сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Рамазан І орын иеленді. 

Ауылдағы шағын мектептің таудай жетістіктері, міне, осындай!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер