Мектеп – кеме болса, білім – теңіз. Сол білімнің теңізінде сапалы, саналы, білімді жас ұрпақты тәрбиелеп отырған Сауран ауданына қарасты Теке елді мекенінде орналасқан Абдулла Үсенов атындағы жалпы орта мектебі жаңашылдыққа ұмтылған білім ошақтарының бірі. Мектептің жетістігі оның басшысына тікелей байланысты. Ал аталған білім ордасын басқарып отырған Сәуле Мыңжасарова білікті басшы, білімді педагог. Сондықтан да болар заман талабына сай бейімделген білім ордасының асқан асулары, биіктері мен белестері, қол жеткізген табыстары жетерлік. Атап айтар болсақ, облыстық 2018 жылы «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісімен музыка пәнінің мұғалімі Елеуова Қарлығаш, «Математика пәнін оқытудың жүйелі жолдары» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін облыстық білім басқармасының «Алғыс хатымен» математика пәнінің мұғалімі Г.Сарсенбаева, «Математика, физика, информатика пәндерін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы облыстық семинарда инновациялық идеяларымен тәжірибесімен бөліскен информатика пәнінің мұғалімі Кулахметов Руслан Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік кабинетінің «Мадақтамасымен» марапатталса, қалалық «Үздік жас мұғалім – 2019» байқауынан ағылшын тілі пәні мұғалімі Қулахметов Ахлиддин І орынды алды. Қалалық «Ең үздік педагог», «Ең үздік сынып жетекші», «Ең үздік шебер мұғалім» т.б. сайыстар мен байқауларда мектеп мұғалімдері жүлделі орындарды иеленіп жүр.
2018 жылы Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтілген қалалық «Үздік білім беру мекемесі – 2018» байқауында білім мекемесі жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін І орынды иеленді. 2019 жылы Түркістан облысы бойынша өткізілген «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» интелектуалдық байқауында мектеп ұжымы Түркістан облыстық даму басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Білім ұйымындағы педагогтардың жалпы саны – 118. Оның ішінде педагог-зерттеуші саны– 25 (пайызы - 22%), педагог-сарапшы саны– 20 (пайызы - 17%), педагог-модератор саны – 34 (пайызы - 29%).
А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебі 1988 жылы салынған. Мектеп ғимаратында 26 оқу кабинеті бар. Оның ішінде 4 кабинет интерактивті тақтамен қамтылған. Оқу кабинеттерінде парталар мен орындықтар жеткілікті. Спортзалда барлық қажетті спорттық жабдықтармен жабдықталған. АКТ залы 100 орынды. Мектептің кітапхана қорында 19057 оқулық бар. Оқушылар кітап оқуларына оқу залында барлық жағдай жасалған.
Мектепте 8 бейнебақылау камералары орнатылған. Аудандық орталықтандырылған бақылау жүйесіне қосылған.
Мектептен 3 км қашықтықта тұратын 310 оқушы мектеп автобусымен тасымалданады.
Мектепте қамқоршылық кеңесі құрылған. Қамқоршылық кеңестің бастамасымен «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» акциясында 45 оқушыға ақшалай көмек берілді. Демеушілер есебінен 22 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары берілді. Харекет қайырымдылық қоры 16 оқушыны спорттық киіммен қамтамасыз етті.
Мектептің 800 м² спорт алаңы көгалдандырылды.
Білім ордасын биікке көтерген шәкірттердің жетістіктері мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Мектеп оқушылары көптеген облыстық, қалалық пәндік олимпиадалардың, байқаулардың, өнер бәйгелерінің жеңімпаздары атанды. Олардың соңғы жетістіктерін атап өтер болсақ, 2017 жылы республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінде Адам.Қоғам.Құқық пәнінен 11-сынып оқушысы Абдрахман Ұ. І дәрежелі дипломмен, 2019 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-сынып оқушысы Хасенова Айзат «Жас лингвист» номинациясына ие болып, дипломмен марапатталды. 2018-2019 оқу жылында қалалық пәндік олимпиадада 6 оқушы, 2019-2020 оқу жылында 6 оқушы жүлделі орындарды жеңіп алды. 2019-2020 оқу жылында облыстық КЕА ғылыми жобалар жарысына қатысып, 3 оқушымыз жүлделі орындарды жеңіп алды. Мектеп оқушылар түрлі зияткерлік ойын-байқауларына қатысу көрсеткіштері жоғары дәрежеде. Облыстық «ALTYN QYRAN»зияткерлік байқауында 2018-2019 оқу жылында 12 оқушы, 2019-2020 оқу жылында 15 оқушы, «Ақбота» халықаралық интелектуалдық марафонында 13 оқушы, «Русский медвежонок» конкурсында 7 оқушы, «British Buldog»конкурсында 4 оқушы, облыстық «Самұрық» зияткерлік сайысында 33 оқушы, «Altyn tobylgy» сайысында 17 оқушы, «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасында 19 оқушы, «Бәйтерек» зияткерлік сайысында 17 оқушы жүлделі орындарды иемденді. Сонымен қатар жыл сайынғы қалалық өнер фестивальдерінде мектеп оқушылары жүлделі І, ІІ орындарды иемденіп келеді.
Алдына биік мақсат қойған әрбір мектеп түлегі «Алтын белгі» алуды армандайды. Шәкіртінің кеудесіне «Алтын белгі» тағуы ұстазының да, шәкіртінің де мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатады. Соңғы 5 жылдың көрсеткішіне көз жүгіртсек, 2015-2016 оқу жылында 3 оқушы «Алтын белгі» иегері, 1 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып, солардың ішінде Бейсен Нұртілек жоғары 117 балл жинады. 2016-2017 оқу жылында 6 оқушы, 2017-2018 оқу жылында 3 оқушы, 2018-2019 оқу жылында 4 оқушы, 2019-2020 оқу жылында 4 оқушы «Алтын белгі» иегерлері атанып, Досымхан Нұрсәуле қала бойынша жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп 127 балл жинап, Кентау қаласы әкімінің арнайы марапатына ие болды. А.Үсенов атындағы жалпы орта мектептің түлектері қай жерде болсын өздерінің жоғарғы интелектісімен, жан-жақтылығымен, еңбекқорлығымен ерекшеленіп жатады. Оның дәлелі жоғары оқу орындарынан мектеп ұстаздарына келіп жатқан құттықтау хаттар, алғыс хаттар легі.
Қазіргі таңда, мектептің білім сапасының көрсеткіші жылдан жылға көтеріліп, оқушылары көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
«Менің шағын Отаным» V республикалық интеллектуалдық конкурсының (аудандық) кезеңінде Қайырханқызы Асылзат 1 орынды, Шаяхметова Зейнеп 2 орынды иеленді.
«Менің тегімнің тарихы» аудандық байқауда Қайырханқызы Асылзат 2 орынды иеленсе, аудандық «Жас көшбасшы» атты зиаткерлік сайысында Калкөз Аяулым 1-орынды иеленді.
Қ.Сәтпаев атындағы республикалық химия олимпиадасында Абдушарап Назым 2орынға қол жеткізді.Сондай-ақ, «Балалар оқулары байқауында» 1-орынды Оразбек Гүлбаршын қанжығасына байлады. «Көркем сөз оқу шебері» аудандық байқауында 2-орынды Оразбек Гүлбаршын иеленді.
Аудандық «Ақберен» өнер байқауынан марапатталған оқушылар:
Әбілхан Әділетхан «Ақберен» аудандық күйшілер байқауында бас жүлдені қанжығасына байласа, Серікбай Гүлжайна 2-орынды иеленді. Нышанбек Балауса алғыс хатпен марапатталды.
«Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы» ғылыми жобасында Қайырханқызы Асылзат 2орынға қол жеткізді. «Шешендік білгірлік сайысы» аудандық байқауда Калкөз Аяулым 2-орынға қол жеткізді. Әбілхан Әділетхан «Ақберен» аудандық айтыс өнері бойынша 2-орынды, «Текті сөздің төресі» аудандық байқауында 1-орынды иеленіп, мерейі тасыды.
«Тәуелсіздік биік болсын тұғырың» атты аудандық байқауда Оразбек Гүлбаршын 1-орынды иеленді. Жәнібек Аяулым 2-орынды иеленді.
«Абайтану» республикалық олимпиада-сының аудандық кезеңінде Оразбек Гүлбаршын 1-орынды, облыстық кезеңінде 3-орынды иеленді.
«Ұлттық пікірсайыс» республикалық турнирдің аудандық кезеңі:
Қайырханқызы Асылзат пен Әбіләшім Рысжан 2орынды иеленді. «Тіл мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты аудандық олимпиадада Хамдамова Малика 1-орынды иеленді.
«Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы» облыстық ғылыми-жоба байқауында 2-орынды Қайырханқызы Асылзат иеленді.
«Мыңбала» олимпиадасы Нышанбек Каусар республикалық кезеңіне өтті.
«Сауран оқулары-2023» атты өнер байқауында көркем сөз оқу жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін 10-сынып оқушысы Исмайлова Ақерке 2-орынды иеленді.
«Мен жастарға сенемін» республикалық ақындар айтысының облыстық кезеңінде Әбілхан Әділетхан «Дипломмен» марапатталды.