Шардара аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп базасында "Бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру" тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсат - білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып оқушыларына сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық і- әрекетке қабілетін арттыру.
Семинарға Шымкент қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» кәсіби даму институты филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Лаззат Әмзеқызы және Гүлзира Бахытбекқызы, аудан білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Турлыбекқызы және аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында мұғалімдер оқушыларға жаңа əдіс-тəсілдердің тиімділігін сабақ сәтінде көрсете білді. Оқушылармен өз бетінше жеке, топтық, қосымша ресурстармен жұмыс жүргізілді.
Семинар соңында сөз алған Гүлзира Бахытбекқызы мен Лаззат Әмзеқызы өтілген сабақ барысындағы қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігін, сабақ сәтінде білім алушылардың баллдық бағамен бағалау нәтижесінде жоғары дәрежеде өтілгендігі туралы айтылды. Семинарға қатысушы педагогтер тәжірибе алмаса отырып, кері байланыс берілді.