«Адал ұрпақтың» еріктілері бас қосты

image.png

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және Түркістан облысының білім басқармасы, «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасаттылық пен адалдық, әділдік құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер мектебі клубтарының облыстық слеті болып өтті. 

Түркістан қаласы, №28 мектеп-лицейінің базасында өткізілген слеттің ашылу салтанатында Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдуллаұлы, Түркістан облысы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің төрағасы Абуова Нұржахан Ермағанбетқызы құттықтау сөз сөйлеп, жалынды жастарға сәттілік тіледі. 

Слетке жалпы білім беретін ұйымдардың 7-9 сынып оқушыларынан құралған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының 10 мүшесі және 1 әскери жетекшісі қатысты.

Слет жеңімпаздары дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Слет жеңімпаздарын дайындаған жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер