Басқарма басшысы Жетісайға жұмыс сапарымен барды

image.png

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Жетісай ауданына барып, бірқатар білім мекемелерін аралады. С.Қожанов атындағы N42 жалпы білім беретін мектебіне барған басқарма басшысы, жылыту маусымына дайындығын пысықтады. Білім ордасы 1969 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда көгілдір отынмен жылынады. Әр қабаттағы бөлмелердің жылу температурасын көріп шықты. Мектеп 54 жыл бұрын берілсе де, тозығы жетпеген. Алайда күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғалымжан Сұлтанбекұлы келер жылға өтінім беріліп, жауаптыларға қайта жөндеу жүргізуді тапсырды. 

Келесі "М.Мәметова атындағы N33 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келген басқарма басшысы, қауіпсіздік жүйесін толық қарап шықты. 384 бала білім алатын мектепте 9 бейнебақылау камералары орнатылған. Арнайы күзет қызметімен қамтамасыз етілген. Едені тозғаны білім ұясының кафелдерін ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілмек. Күрделі жөндеу барысында кәріз желісін де толық реттеу қажет дейді Ғалымжан Сұлтанбекұлы. Сондай-ақ, мектепті аралау барысында биология, физика, лингафон кабинеттерін қарастырып, қолға алуды нықтап тапсырды. 

Бұл мектептен шығып №57 «Сарыарқа» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келген басқарма басшысы мектептің тозығы шыққанын бірден айтты. Ескі орындықтар, тақталар, мен кафелдері сынған. Бұның барлығы баланың ыңғайлы білім алуына кедергісін тигізеді. «Карат- Z» ЖШС мекемесінің сараптау қорытындысы бойынша мектептің бір блогына апатты жағдайы туралы қорытынды берілген. Қазіргі таңда балалар ғимараттың қауіпсіз жағында білім алуды жалғастырып отыр. 1975 жылы пайдалануға берілген мектептің орындвқ сынды мәселесін мектеп ішінде шешуге болатынын жеткізген Ғалымжан Сұлтанбекұлы мектеп директорына тікелей тапсырма берді. “Мектеп директоры шаруаға да епті болуы тиіс. Ғимаратты басқарып отырғандықтан, әрбір кемшілігіне бірінші жауапты директор” , - деді басқарма басшысы. Бұл білім ордасының орнына 2024 жылы “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы арқылы Жетісайдағы бір мектеа осы іргеден бой көтереді. 2025 жвлы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Әзірге мектеп ғимаратының ескі болуы - балалардың білім алуына кедергі келтірмейді. 

Ал №55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерекше жағдай орын алды. Басқарма басшысы аудандағы білім мекемелерінің жағдайымен танысып жүр дегенді естіген ауыл тұрғыны жанашырлық танытып, ауыл тұрғындары болып өздерінің ауласынан пайдаланбай тұрған жерін беруге дайын екендігін жеткізді. Себебі, бұл мектептің берілгеніне де 30 жылға таяды. Қауіпсіздік жағдайы пысықталғанымен, жаңа орындарға сұраныс бар. 100 бала білім алатын білім ордасында 222 оқушы тәрбиеленеді. Жаңа мектеп салуға, ыңғайлы жер жоқ. Осылайша мәселе де шешімін тапты. 

Облыстың бас ұстазы Жетісай ауданындағы сапарын Қ.Сәтбаев атындағы №48 жалпы білім беретін мектебінде қорытындылады. Білім ордасының асханасын қарап, жағдайымен танысты. Сыйымдылығы 100 балаға шақталған, жағдайы жақсы. Бір реттік ыстық тамақпен 151 бастауыш сынып оқушы тамақтанады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 111 бала бар.Барлығына тегін тағам беріледі. 2 ауысым бойынша, арнайы кестеге сәйкес жүргізіледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағаштықтар қолдау білдірді
  • Зиялы қауым өз ойларын ортаға салды
  • Жетісайлықтар да қолдайды
  • Күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды
  • Жастар арасында этноквест өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер