Арыстағы С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде көрнекті жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің кенже саласы сатираның бағын ашқан даңқты сатирик С.Адамбековті екінші ғасырға аяқ басқан жасына орай "Күлкінің күміс күмбезі" тақырыбында 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен еске алу әдеби кеші өткізілді. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұйымдастырды.
Мақсаты: Ардақты атамыздың көркем дүниелері мен еңбектерін білім алушылардың жадында сақтауға, жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейтіндігін ұғындыру.
Жазушының қаламынан туған бірнеше шығармалары бар.
Атап айтар болсақ "Қырманға кел, қалқатай", "Маржанқыз" әндері де сахнада өз тыңдарманын тапқан туындылар. Осы әндерін 8 "А"сынып оқушысы Жаңабай Шапағат орындаса, өзге қатысушылар жазушыға арнаған шығармалары мен естеліктерін орындады.
Кеш қонақтары қатысушылар мен ұйымдастырушы ұстаздарға алғыстарын білдіріп, Садықбек Адамбековтің ізін жалғастырушы ұрпақтары бар екеніне тағы бір көз жеткізді.