Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Монтайтас жалпы білім беретін мектеп» базасында мектеп психологы Ақтоты Оразбаева 6 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг сабақ өтті. «Сен, мен және біз-бәріміз әлемді өзгертеміз!» деген ұранмен бастау алған сабақ шеңберінде жас ерекшеліктеріне сай, «Біз бақытты баламыз!» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Мақсат - оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, зорлық-зомбылыққа қарсы заң бар екенін түсіндіру, бұзақылық істерге бармауға тәрбиелеу және адами қасиеттерді сақтау, әдепті тұлға қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылармен «Балалық шақ зорлық-зомбылықсыз болу үшін не керек?» тақырыбында сауалнама алынып, «Бала құқығы» ағашын жасады. Мектеп психологы зорлық-зомбылықтың түрлері және алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын түсіндіріп өтті. Оқушылар «Тілек шамы» арқылы кері байланыс берді.