Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

  image.png

 Қазақстан Республикасының рәміздерінің 32 жылдығы мерзімінде мемлекеттік құндылықтардың орынды және стандартқа сай пайдаланудың маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға барған жұмыс сапарында ғалымдармен кездесу кезінде мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және дұрыс пайдалану туралы маңыздылығына тоқталып, тапсырма берген болатын. Осы ретте бүгін Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Жиында Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздерін пайдалану және қолдану жөніндегі жұмыстардың жай-күйі баяндалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Атап айтсақ, комиссия мүшелері алдағы рәміздер күнін атап өту, өскелең ұрпаққа насихаттау секілді бірқатар ұсыныстарды ортаға салды. Сондай-ақ, кездесуде жұмысшы топтың зерделеу жұмыстарының нәтижесі талқыланды. Аталған топ жыл басынан бері 17 аудан-қаладағы 239 мекемедегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуы мен орналастырылуы бойынша 18 хаттама толтырған. Мониторинг қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыс тәсілдерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздеріне 32 жыл толды. Бүгінде өткен салауат келешекке аманат етер гимініміз халқымыздың тарихи жолын, туған еліміздің тұрмыс-тіршілігін, ұлтымыздың салт-дәстүрін паш етер елтаңбамыз, қолымызда желбіреген көк байрағымыз бар.  Рәміздер - Қазақстанды мекен еткен әртүрлі халық өкілдерінің рухани бірігуіне деген ұмтылысын, болашаққа деген сенімін арттыруды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Айта кетейік, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен мекемелердің, сондай-ақ, білім беру орындары басшыларының қызмет бөлмесінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы лауазымды тұлғаның жұмыс орнының арт жағындағы қабырғаға орналастырылады. Ал Мемлекеттік Ту (1х2 метр өлшеммен) лауазымды тұлғалардың кабинеттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағына орналастырылады.

Тағы бір назар аударатын мәселе – ғимараттарға тұрақты орналастырылған Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаға тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруы тиіс. Мемлекеттік Ту сыртқы кіреберіске орнатылғанда ұлттық стандартқа сәйкес келуі, қараңғы уақытта жарықтандырылуы тиіс. Мемлекеттік Ту мен Елтаңба, сондай-ақ, олардың бейнелері ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдайда, олар ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №862 қаулысымен бекітілген «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын ауыстыру мен жою қағидаларында» мазмұндалған тәртіпте ауыстырылуы және жойылуы керек. Осы қағидатқа сәйкес, ескірген рәміздерді жою актілері де көрсетілді. 

Жалпы білім беретін орта, бастауыш, кәсіптік орта және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында көрнекті орындарға Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады. Мемлекеттік рәміздер орналасуы: Ту, Елтаңба, Гимн ретімен бірдей көлемде болуы керек.

Мемлекеттік Елтаңба мемлекеттік органдардың, ұйымдардың веб-сайтында, мөрлері мен құжат бланкісінде, маңдайша атауында, қызметтік куәліктерде міндетті түрде орналастырылады.

Еліміздің Гимні мемлекеттік мерекелерде, сондай-ақ, өзге де салтанатты іс-шараларға арналған жиналыстар мен мәжілістердің салтанатты ашылу кезінде,спорттық іс-шараларда, білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде орындалады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік Туды салтанатты жағдайда көтергенде Мемлекеттік Гимн орындалады. Бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады.

Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар орнынан тұрып айтады (тыңдайды). Азаматтар оң қолын жүрек тұсына қояды.

ҚР Туын, Елтаңбасын және Гимнін қолдануды реттеу саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзу мен мемлекеттік рәміздерді лайықсыз пайдалану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке алып келеді.

Ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру мен жою жөніндегі комиссия құру ұсынылады. Комиссия құру туралы бұйрық әр күнтізбелік жылдың басында жаңартылады. Одан соң бұл іске жауапты адамды басшының ішкі бұйрығымен қоя алады. Туды қатты жел тұрғанда тұтастығының бұзылуына, кір болып кетуіне жол бермеу мақсатында күн сайынғы сырттай көзбен шолу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады.

Мемлекеттік рәміздердің бейнелерін заңсыз пайдалануға, қажетті жою шараларын жүргізбей тұрып қатты қоқыс қалдықтарын жинайтын орындарға апарып тастауға жол берілмеуі керек.

Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер