Татулық пен келісімді сақтауға үлес қосқан қызметкерлер марапатталды

image.png

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай «Музей – тарих айнасы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Шараға Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, сала қызметкерлерін құттықтады.

– Музей мәдениеттің айнасы іспетті. Өйткені кез келген елдің тарихын білу үшін музейіне бару жеткілікті. Онда мәдениетімен танысамыз. Сондықтан музей қызметкерлері бір орында тұрып қалмауы керек. Түрлі көрмелерге қатысып, білім алып, тәжірибе арттыру маңызды. Әріптестер, осынау мереке құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық, шығармашылық ізденіс, кәсіби даму тілеймін, – деген басқарма басшысы бірқатар музей қызметкерлеріне алғыс хат табыстады.

Шара барысында облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, өңірде этносаралық татулық пен келісімді сақтауға және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысқаны үшін орталықтың бір топ қызметкерлері Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Күні бойы жалғасқан шарада Облыстық білім басқармасына қарасты «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің үйірме жетекшілері мен шәкірттері өнер көрсетті. Сондай-ақ саурандық өнерпаздармен қатар, қалалық мәдениет үйінің әншілері көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Орталыққа қарасты музей филиалдары да шараға атсалысып, көрме жасақтады.

Айта кетейік, атаулы күнге орай іс-шаралар екі күнге жоспарланған. Музейде «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, келушілерге тегін қызмет көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ «Музей түнінде» келушілермен бірге қызықты ойындар ойнатылды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлық табысталып, экскурсоводтар орталық жұмысын таныстырды.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер