Бірлікті бекем еткен Индира

image.png

Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Әйтсе де, ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың алтын бесігін тербету аяқ астынан туындаған немесе қазақ даласында өздігінен пайда болған дүние еместігі белгілі.

Ел иесі, жер иесі саналатын қазақ халқы алмағайып замандарда шартараптан бас сауғалаған, тағдыр тәлкегімен босып келген басқа жұртты бауырына басты. Өзінің тоз-тозы шыққанына қарамастан, басқаның қайғысына да ортақтығын танытты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында мәңгілік тұрақтап қалды.

Қазақ халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этностық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай, жаңа мемлекеттің барша азаматының ұйысуына себепші болды.

Міне осындай кешегі нәубет жылдары елімізге бас сауғалап келген көптеген этнос өкілдерінің ұрпақтары бүгінде Тәуелсіз Қазақстанда тату-тәтті өмір сүруде. Солардың бірі әзербайжан ұлтының өкілі, «Арыстанбаб»  жоғары колледжінде педагог ұйымдастырушы Индира Раван-Нахчивани. 

«Кешегі нәубет жылдарында тағдырдың тәлкегіне ұшырап, туған Отанынан айырылып, Қазақстанға бас сауғалап келген қаншама қилы тағдырлы адамдарды, ұлт пен ұлыстарды арда қазақ бауырына басып, кең пейілін көрсетті. Қолындағы барымен, баспанасымен, нанымен бөлісті. Ол қамқорлықты ұмыту Құдайыңды ұмытқанмен бірдей деп есептеймін. Жаппай депортацияға ұшырап, мәжбүрлі түрде Қазақстанға қоныс аударған бабаларымыз қазақтың дарқан даласынан жылу, пана тауып, өсіп-өнді, ұрпақтарын ұшпаққа жеткізді. Ең бастысы, өзінің тілін, дінін, салты мен дәстүрін, мәдениетін сақтап қалды. Себебі, қазақ халқы қандай заман болмасын, ешкімді ұлтқа, дінге бөлген емес»  дейді Индира. 

   Ұстаздық етіп жүрген Индира бүгінде оқушыларына да татулық, бірлік, ынтымақты әрдайым насихаттап жүреді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер