Патриот дәрігер

image.png

Сал ауруына шалдыққан жандардың жүйке дәрігерінен кейін жиі есігін қағатын дәрігерлердің бірі - травматолог ортопед. Мойын ауруы сал аурының ең негізгі белгілерінің бірі, оны жүйке дәрігері мен ортопед қатар емдемесе болмайды. Сондай білікті дәрігердің қатарында Зиядин Валиев те бар. 

Аталған маманның еміне жүгінетіндердің бірі – Мейірхан Топанбай. 

– Бел омыртқамның ауруы көктем мен күзде қозады. Бала кезден аурумен алысып келе жатқан науқастардың бірі болғаннан кейін мезгіл мен мезгіл алмасқан кезде болатын аурудың өршу кезеңі жақсы таныс. Сондай сәттерде өзің үшін дәрігерге көріну керек. Өмірді сүру - пенде баласының басты бақыты. Бақытынан оп-оңай бас тарту ессіздік. Осыған дағдыландырған дәрігерлер десем артық емес. Алғашқы еңбек жолын жалпы тәжірбиелік дәрігер болып бастаған Зиядин Савдекерұлымен жылына екі рет кездесіп, емін алып тұрамын, - дейді ол. 

Қарапайым өмірді жақсы көретін, талай сынықтың тез жазылуына септесіп жүрген дәрігердің адамға деген ықыласы баладай. Оның ауруды емдеудегі ең басты шарты - айтқанын бұлжытпай орындау.

"Дәрігерлік оқу - әкем мен анамның арманы болды. Түлкібас – берекелі аймақ. Топырағын басқан адам бақытты. Сол асыл адамдарым "елді қуант, елге пайдаң тисін" деп үйретті. Асыл адамдарымды қуантып, армандарын орындау үшін осы саланы таңдадым, қазір дәрігермін. Қызмет жолында үнемі өзіме қайталайтыным - ізден. Ізденісі мол дәрігердің алдына келген адам қуанып қайтады. Дәрігер кісіліктің шыңында болмаса, оның ісі өнбейді. Берген емінің шипасын халық көрмейді. Барша ақ халат киген дәрігер науқасты емдегісі келеді. Бірақ бәрі бірдей шипа дарыта алмайды. Мен де науқас деген ұғым жоқ. Уақытша ем алушы адам ғана бар. Науқастардың көбі телефоннан көрген емді жасап, ауруын асқындырып алады. Сүйекке қатысты аурулары халық еміне көнбейді", - деп өзінің қызметі мен қызметтегі ұстанымын жеткізді дәрігер.

Қазақ халқының тілі мен әдебиетіне бала жасыннан жарыған ол, әлі күнге мектепте жатқа оқыған Абайдың қарасөздерінен өз өміріне азық алып, отбасында дастархан басында жиі айтып отырады. 

"Ұлдың ұяты - әкеге" деген мақалды ескеретін дәрігердің ертеңгі отағасы болар ұл тәрбиесіне қатысты ойы да өзекті. 

«Бала деген өтірік айтпауға дағдылану керек. Өтірікпен дос болған бала ертең бір отбасын ұстар отағасы бола алмайды. Тәрбиеде қабақ маңызды. Ұрып-соғу арқылы бала тәрбиелаудің дәуірі өткен. Әке ретінде уақытты ұл балаға келгенде аямау керек. Уақытында балаңның қасынан табылсаң, ертең өзі-ақ саған бар сырын айтады. Уақытты бүгінмен өлшемеу керек. Отаншыл ұл тәрбиелеу - өз ана тілін, бауырлас қазақтың тілін білу, елді сүю. Елді сүю үшін үлгі болуым керек! Ағаш егіп, осы елдің табиғатына үлес қосудан қашпай, қолдан келгенше көрші-қолаңмен тату болуым керек! - деп өз ойын сабақтаған дәрігердің отаншылдыққа қатысты ойы да бір кітапқа пара-пар сыр жатыр. 

Сұқбат барысында дәрігерліктің тағдырының сыйына балайтынын бірнеше қайталаған дәрігерге жазатайым жағдайға тап болып қаралатын науқастар саны өте көп. Балдаққа, таяққа танған, аяқ-қолы гипстеліп, бір күнде ғаріп болып қалатын науқастардың көңілін табу - жүйкенің мықтылығы. 

Сабырлы үнмен сөзін жалғаған дәрігер:

— Үнемі жұмыс барысында кітап оқуға уақыт арнауға алғашқы жұмыс күнінен дағдыландым. Білсеңіз, сынық дұрыс және ерте бітуіне қатысты әлемде он мыңнан астам ғылыми зерттеу жүргізілген. Соның ең негізгісі - психологиялық көмек беру. Қолдаймыз. Дем береміз. Сүйек аурулары да ота арқылы емделетін және емдеуге келмейтін аурулар бар. Дәрігер - ізденістің адамы. Дәрігер -аурудан қиналған жанды мехнатынан арашалауға ұмтылатын ер жүрек адам. Бірақ дәрігер - сиқыршы емес. Біз барынша жәрдемдесуге тырысамыз. Жауапкершілікті тек дәрігерге ысырып, өзіне жауапкершілікті алмайтын адамдар жеткілікті" - деген ойды да Түлкібас аудандық ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері ерекше толқыныспен жеткізді.

Қазақстан - бірлігі мығым ел. Зиядин Валиев секілді өз ісін ел игілігіне арнап жүрген қазақы танымды жандар арамызда көп.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер