Кентауда этносаралық ахуал бойынша жиын өтті

image.png

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың қатысуымен Кентау қаласындағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуалға байланысты тұрғындармен кездесу өтті. 

Қарнақ ауылында өткен басқосуда құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдік өкілдері халықпен бірге этнос өкілдері шоғырланған аудандарда ел арасындағы тұрақтылықты сақтай отырып, шиеленіске жол бермеу мәселелерін талқылады. 

«Халық арасында түрлі шиеленіске алып келетін құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстандағы Ақсақалдар институты, жастар көшбасшыларымен және қоғамда беделі жоғары, танымал азаматтармен еркін форматтағы кездесулерін өткізуді қолға алған жөн.  Мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлері, қоғам белсенділері мен медиаторлардың қатысуымен этносаралық қатынастарды жақсарту, этномедиация тетіктерін тиімді жүзеге асыруға бағытталған оқыту семинарларын өткізуіміз керек», деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ Бейсен Тәжібаев аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім беретін сыныптарды көбейту, мектепте тәрбие беру мен толеранттылық сананы қалыптастыру мәселелеріне назар  аудару қажеттігін атап өтті. 

Кездесу барысында ауыл тұрғындары береке-бірлікті сақтау, ел ішінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында ой қозғап, медиациялық орта қалыптастыру үшін арнайы ақсақалдарға орын-жай белгілеп беруін өтінді. Ұсыныстар бақылауға алынды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер