Сайрам ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күніне орай «Көк тудың желбірегені» дәстүрлі жалпыұлттық акциясы өтті. Барша Сайрам ауданы тұрғындарын патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шараға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандары атсалысты.
Аталған акция барысында аймақтағы еңбектеген баладан бастап егде жастағы қарттарымызға көк байрақтарымыз таратылып берілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін көпшілікке кеңінен насихаттау арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық нышандарына деген зор құрметпен, ұлттық рух тұрғысында ыстық ықыласпен қарауға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуға бағытталды.
Айта кетейік, тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда алғаш рет бекітілді. Бүгінде еліміздің біртұтастығын бейнелейтін Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұранымыз егемендігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Туған жерге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларының бірі Жандарбек Мәлібековтің айтуынша, Елтаңба, Ту, Әнұран әрбір ресми және бейресми іс-шарада болуы тиіс. Сонда ғана біздің мемлекеттік рәміздер өскелең ұрпақ арасында кеңінен таралады.
Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тә¬уелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мем¬лекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-кел-геннің паттриоттық рухын көтеретін Мем¬ле¬кеттік Әнұранымызбен қарыштап қадам басып келеміз, тәуба дейік! Азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміз¬¬де¬рімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.
Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Мемлекеттік рәміздер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!