Этносаралық татулық – саяси тұрақтылық кепілі

image.png

Бүгінгі таңда халқымыздың бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы елге айналып отыр. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиет. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда.

Осыған орай Төлеби ауданында қоғамдық-саяси және этносаралық ахуалға байланысты жергілікті атқарушы билік пен құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. 

Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев аудандағы этносаралық қақтығыс алдын алу бойынша аудандық прокуратура, полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара жоспарын жүзеге асыру бойынша кеңесті. 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев баяндама жасап, этнос өкілдері орналасқан елдімекендердегі өзекті мәселелер бойынша ай сайын аудан әкімі мен орынбасарлары, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізу керектігін атап өтті. 

Бейсенбай Тәжібаев этнос өкілдері шоғырланған аймақтарда түрлі оқиғаның орын алмауы үшін оның алдын алу, тұрғындар арасында ынтымақ орнату бойынша кешенді жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды. 

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Зағамбар ауылының тұрғындарымен кездесіп, этнос өкілдері шоғырланған ауылдарға талдау жасау керектігін, қақтығыстар орын алмас үшін жастар арасында жұмыссыздықты жою, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға қол жеткізу, мектептердегі тәртіп секілді әлеуметтік мәселелердің шешілуіне Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты. Жиында ауыл тұрғындары да сөз алып, береке-бірлік пен ел тыныштығын сақтау, халық арасына іріткі салмау, кез келген оқиғада заң аясында жұмыс істеу қажет деп, санайтындарын жеткізді.

Атап өтейік, осындай қоғамдық-саяси және этносаралық ахуалды талдау бойынша кездесулер облыстың өзге аудандарында да өтетін болады.

Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз: «Байлық байлық емес, бірлік – байлық», — деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағының амандығы – келешегінің кемелдігін білдіреді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер