Этносаралық ахуалды жақсарту жолдары қарастырылды

image.png

Бүгін Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Мелдешов, құзырлы орган басшылары мен жауапты басқарманың өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Эльмира Жанғазиева және мекеме филиалдарының басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Басқосуда Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыс прокурорының прокурорының көмекшісі Дастан Байтеміров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Арман Қожабаев, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірнші орынбасары Бағлан Айтпаев баяндама жасады. Қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарларды пысықтады. Сонымен қатар түрлі сала бойынша туындап отырған өзекті мәселелер ортаға салынып, олардың шешу жолдары ұсынылды. 

Жиын барысында Бейсенбай Дәулетұлы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, халықты игі істерге ұйыстыру қажет екенін жеткізді. Жиынды қорытындылай келе, алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ ел бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жалпы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің және филиалдарының тарапынан өткен жылы 348 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, биыл жыл басынан бері 92 кездесу өткізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады. 

Айта кетейік, өңірде 11 этно мәдени бірлестік жұмыс істейді. Түркістан облысында 50-ге тарта этностың 500 мыңнан астам өкілі (облыс халқының 24,7 пайызы) өмір сүруде. Этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген. Аудан, қалаларда 17 тіл орталығы жұмыс істеп тұр. Биыл 3946 адам қазақ тілін меңгеріп шықты. Мемлекеттік тілді терең білгісі келетін этностар саны артуда. Өңірдегі 1052 мектептің 202-сі аралас тілде білім беруде. Олардың барлығында қазақ сыныптары ашылған. Өткен жылы 4500 жас әскерге жіберілді. Оның 3,5 мыңы қазақ жастары болса, мыңға жуығы – этнос өкілдері. 

Әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол жаңа қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтардың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне қол ұшын созуға деген психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — қоғамдық келісім, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз. Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде этносаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз септігін тигізетіні сөзсіз.

     Біздің еліміздің ең басты жетістігі – ортақ Отанымыздағы шынайы салтанат құрған ұлтаралық келісім, берік орныққан бейбітшілік пен тұрақтылық. Бұл – уақыт шындығы. Осының нәтижесінде еліміз өзінің мемлекеттігін нығайтып, түрлі салалар бойынша реформаларды табысты жү¬зеге асырды. Бұлар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы¬ның еселеп артуына ерекше ықпал етті. Оның шапағатын бүгінде барша қазақстандықтар жете сезініп отыр. Қазақстанда қоғамның барлық саласында ел азаматтарының этностық тең құқылығы заңнамада бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылған. Ең бастысы, елімізде этносаралық өзара ықпалдастықтың басты тетігі ретіндегі бірегей қоғамдық-саяси институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. еліміздегі этностардың барлығының дерлік ұлттық-мәдени орталықтары қызмет етеді. Ұлттық мектептер жұмыс істейді, телеарналар орыс, ұйғыр, өзбек, тағы басқа тілдерде хабар таратады. Мерзімді басылымдар да тұрақты шығып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер