Ассамблея жастары экскурсияға қатысты

image.png

Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің қолдауымен 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи-танымдық экскурсиясы ұйымдастырылды. 

Облыс орталығындағы Нәзір Төреқұлов атындағы музейде өткен іс-шараға "Қоғамдық келісім" КММ-нің қызметкерлері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігі мүшелері, белсенді жастар қатысты. 

Шараға қатысушылар музейдің  экспозициялық залдарында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына жасақталған көрмемен  танысты. Сондай-ақ музей кинозалында қасіретті кезең туралы арнайы дайындалған тағылымды бейнеоролик көрсетілді.

Жалпы, бұл күн – Қазақстан қоғамы үшін әрі қасіретті, әрі қасиетті дата. Ел ішінде ХХ ғасырдың өн бойында жалғасқан саяси-қуғын сүргіннің ызғары шарпымаған әулет жоқ. Қиын-қыстау кезеңде қазақ жеріне тұтас халықтар жер аударылды. Сол этнос өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды. Тар жерде табысқандардың ұрпағы кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Төрт тарапты түгел мойындатып, өркендеу жолына түсті. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылып, бүгінде жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Деректерге сүйенсек, зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты. Жалпы 1931-1933 жылдар аралығында республиканың 6,5 миллион халқының 2,1 миллионы ашаршылық құрбаны болды.

Экскурсия аясында жастар сол қиын кезеңдерден көрініс беретін фотолар мен тарихи оқиғалар жайында өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер