Этнос өкілдерінің татулығы маңызды

image.png

Полиэтникалық Қазақстан Республикасында этносаралық қарым-қатынастар ерекше көңіл аударуды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына жатады. Елімізді мекендейтін барша 140 этнос өкілдерін біріктіретін ортақ тарихи тағдыр, достық, туысқандық бірдейлік қазіргі таңда бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа жетелейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бағытында күш біріктіруде.

Әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол жаңа қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтардың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне қол ұшын созуға деген психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — қоғамдық келісім, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз. Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі сая¬си тұрақтылықтың кепілі ретінде этносаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Осы орайда Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында мамыр айының 27-31 және маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны?», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды. 

Осы орайда, жоспарға сәйкес, Шардара қаласында кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімің басшысы Х.Исақов, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Б.Рахматуллаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, қалалық қоғамдастықтың төрағасы Е.Қаханов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Зейнедилова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық медиаторлар кеңесінің төрағасы Б. Жанайдар, ауыл билері, этномәдени бірлестік мүшелері тағы басқа белсенді тұлғалар қатысты.

Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы Келес ауданында жалғасты. Оған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімің басшысы Х.Исақов, Түркістан облысының Келес аудандық Дін істер басқармасы дін істер мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Т.Айбек, ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Қ.Аширбаев, Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары П.Тленов, ауылдық округтердің Ақсақалдар кеңесінің төарағалары мен мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы Г.Сәрсенова, ауданның Медиация мүшелері, аудандық ЭМБ-нің төрағалары мен белсенді мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Ата заңымыздағы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…» деп басталатын конституциялық идея Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттің тең құқылы, ерікті азаматтарының саяси қауымдастығы ретінде танып, олардың этникалық, мәдени ерекшеліктеріне қарамастан бір елдің азаматы ретінде сезінуіне, жақындасуына, ұйымдасуына және қоғамдық келісімге әрі бүгінгідей ұлттық бірліктің қалыптасуына жол ашты.

Конституциямыздың 1-бабында әлем елдері конституцияларының ешбірінде де кездеспейтін ерекше норма бекітілген. Яғни, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2 тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық», - деп атап көрсетілуі де осы ойымызды бекемдеп, нықтай түседі.

Жалпы Қазақстан Республика¬сын¬дағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен этносаралық татулық мәселелері негізін қалыптастыру және оны дамыта білу өте маңызды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер