«Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады»

image.png

     Әрбір өркениеттің, діннің және халықтардың жер бетінде өзіндік орындайтын міндеттері бар. Қазақстанның Түркі мемлекеттері, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ аясындағы іргелес елдермен достық қарым-қатынас қалыптастыруы - ел тыныштығының кепілі. Ұлттық тұтастық, ұлттық өркендеу өзінің мағыналық құрылымы бойынша халықтар арасындағы келісімге негізделеді. Осындай өзекті мәселелер алдында Қазақстанның беті ашық, жүзі жарқын деуге әбден болады. Қазақ елінің тағдыры тауқыметке толы болғанмен, ешқашан өзгені өзегінен теппеген. еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды. Этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастық, келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді. Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарына баса мән береді. Қазақ халқы қай заманда да елдікке, соның ішінде ел берекесінің тұрақты болуына үлкен назар аударған. Сондықтан да болар, ел аузында: «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» деген нақыл сөздер қалды. Бұл - бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның басты қағидасына айналды және тәуелсіздіктің негізі.

     Осы ретте Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кезекті кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары басталды.

Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында мамыр айының 27-31 және маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны?», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды. 

Осы орайда, жоспарға сәйкес, Жетісай ауданындағы Жаңаауыл және Жылысу ауылдарында кездесулер өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, Түркістан облысының дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жетісай ауданына жауапты маманы Болат Әбділкәрім, Жетісай аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Халим Турсунов, этномәдени бірлестік мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Сондай-ақ кездесулер Мақтаарал ауданындағы Нұрлыбаев а.о. мен Жаңажол ауылында жалғасты. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, сондай-ақ ауыл тұрғындары, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдарының (Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кабинеті, ЭМБ-нің төраға және мүшелері, «Ассамблея жастары») мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.

Жиында аудандық мәслихат депутаты Сәбит Молдабеков пен әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамис Махмудов ел бірлігін нығайту жайында сөз сөйледі. 

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер