Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен аудандық ақсақалдар мен ардагерлер және қоғамдық ұйым төрғалары және өзбек этно мәдени бірлестігінің мүшелерінен құралған арнайы делегация Сауран ауданынан шығып, Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласына 3 күндік сапармен жолға шықты.
Аталмыш сапардың мақсаты - этносаралық татулықты нығайту, достық пен келісімді сақтау және тарихи шахар Самарқандтың көрікті жерлерімен танысу. Керуенді шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Бақытжан Полатов сөз сөйлеп, іс-шара бауырлас екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтып, ақ жол тіледі.
Ауданнан Өзбекстан сапарына 35 ақсақал жолға шықты. Бұнымен қоса, «Достық керуенінің» өкілдері Өзбекстанның Интернационалдық мәдени орталығында, қазақ мәдени орталығында және өзге де тарихи-мәдени орталықтарында болып, сол елдің азаматтарымен кездесулері жоспарланған.