«Білім – Отаныма» атты тәрбие сағаты өтті

image.png

Бүгін  Түркістан облысы «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатында» «Білім – Отаныма» атты  жалпыреспубликалық ашық  тәрбие сағаты өтті.  Тәрбие сағаты мемлекеттік Әнұранмен басталып, Білім министрінің арнайы құттықтауын тыңдады. Ашық тәрбие сағаты барысында, алдын ала түсіріліп дайындалған әр сыныптың  балаларының  жыл бойғы  жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша  бейнеролик  дайындалып,   үздік жетістіктерімен  оқушыларды марапаттап, мақтау қағаздары берілді  және  жол  қауіпсіздік ережелерін сақтауын, жазғы демалыс кезінде   түрлі қауіп-қатердің алдын  алу мақсатында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.   Сонымен қатар әрбір  оқушының,   сынып жетекші лер  мен  қызметкерлердің  жақсы қасиеті, үлгілі істеріне  ерекше назар аударып,    «Ең,Ең...» номинацияларымен мараптталды.  Ал, 9,11 сыныптың түлектері   «Мен, Мектеп.  Ұстаз»  тақырыбында мектеп  қабырғасындағы  балалаық  шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын эсседе  жазып, көрсетті.    Мақсаты  оқушылардың бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.  Балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай біліуге,  Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету ,  туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденпаз,  адал, алған білімін кез-келген жерде қолдана алатын  құзыретті тұлға болуға тәрбиелеу.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер