Патриот қыз Әсел бәрін таңқалдырды

image.png

Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні республика көлемінде мерекеленуде. Айтулы шара Сарыағаш ауданында да кең көлемде тойланды. Салтанатты шарада патриоттық рухта тәрбиеленіп келе жатқан жас буын өнерін ортаға салды. 

Солардың бірі – Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №70 С. Байғозиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы  Әсел Барат. АК-74 автоматын 11 секунд ішінде бөлшектеп,  24 секунд ішінде жинақтап көпшілікті таң-тамаша етті. Аудан әкімі арнайы алғыс хатын ұсынып, өңірде патриот жастардың өсіп келе жатқанын мақтан етті. 

Айта кетейік, Әсел Барат халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай өткізілген «Айбын – 2024» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңіне қатысып, қыздар арасында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан Түркістан облысы бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер