Тарихи танымдық сағаты өтті

image.png

31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудандық балалар кітапханасында “Зұлматқа толы тарих парақтары” атты тарихи танымдық сағаты болып өтті. 

Кітапханашы зұлмат жылдардағы қасіретті оқиғалар туралы мәлімет бере отырып, бір минут еске алу үнсіздігін жариялады.Іс – шараға белсенді ерікті жастар, мектеп оқушылары қатысты. 

Тарихи танымдық сағаты барысында  оқырмандарға саяси қуғын - сүргін құрбандары туралы бейнеролик көрсетіліп, олар өз ой пікірлерін ортаға салды. 

Іс шараның мақсаты - қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру. Оқырмандардың бойында ерлік, батылдық, патриоттық сезімдерін арттыра отырып, қиындыққа төзе білуге, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды.

Ақтау шаралары әлі де жалғасып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде: «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», деген болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер