Бірлік - басты байлық!

image.png

Қазақстан жетістігінің кілті ел аумағында көп кездесетін пайдалы қазбаларға байланысты емес. Біздің басты табысымыз – мінсіз, нақты және тиімді стратегиялық жоспарлау, экономиканы, әлеу¬меттік саланы және саяси демократияны қамтамасыз ететін ілгерілемелі және теңестірілген даму. Қазақстандағы көп этносты қоғам үшін әлемде кездесетін мәдениеттің, тілдің, дәстүрдің өзгеше¬лігін ескере отырып, алуан түрлі¬лікке негізделген стратегияға бетбұру өте маңызды бо¬лып табылады. 

Осы ретте Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімі және аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Бірінші Мамыр ауылдық округі, Зағамбар елді мекені, Әль-Фараби ЖОМ-нің ғимаратында жергілікті тұрғындар арасында аудандағы жалпы қоғамдық саяси ахуалдың алдын алу мақсатында арнайы кездесу өткізіліп, кездесу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев хабарлама жасап, тұрғындар тарапынан қойылған сұқрақтарға жауап беріліп, жергілікті тұрғындардан сауалнама алынды.

Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әр алуандық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды. Тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Тек қана бірлігі жарасқан халық қана ұлы белестерді бағындыра алады!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер