«Ел рәміздері - еркіндік нышаны»

image.png  

«4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, орталық саябақта «Ел рәміздері - еркіндік нышаны» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын мереке қарсаңында «Рәміздер» алаңы жаңа орынға ауыстырылған болатын. Мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесін арттыруға арналған жиынға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары мен жастары қатысты.                                                    

     Аталмыш жиын жастардың патриоттық әуендерді шырқап, қонақтарды күтіп алуымен басталды. Бұдан соң аудан әкімі  барша қауымды бүгінгі айтулы күнмен құттықтап, мерекелік жүрекжарды лебізін жеткізді. 

   - Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігімізді бүкіл әлемге танытушы және мемлекетіміздің жарқын көрінісі. Оның тұла бойында біздің төл тарихымыз, бабаларымыздың бастан кешкен қилы кезеңдері мен жүріп өткен тағылымға толы жолдары жатыр. Тағылымды тарихымыздан сыр шертетін, салт-дәстүріміз бен тұрмыс тіршілігімізден хабар беретін Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік нышандары 1992 жылдың 4 маусымында бекітілген болатын. Міне, бүгінде бұл күндері өркениет көшіне бет бұрған іргесі мығым мемлекеттермен иық тірестіретін күнге жеттік. Тіпті,  талай елдің төрінде әнұранымыз айтылып, көк туымыз желбіреген Қазақстанды төрткүл дүние таниды десек артық айтқанымыз емес. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық патриотизм, туған жерге деген қастерлі құрмет – әрбір адамның рухани болмысын бағамдайтын ұлағатты ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір адамның бойына сыйлайтын сол елдің нышандары екені сөзсіз. Қастерлі құндылықтарымыздың халықаралық  ареналарда әрдайым абыройы асқақтай берсін! Халқымыздың тыныштығы мен татулығы, берекесі мен бірлігі бекем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық,  бақ-береке тілеймін!- деді Арман Сәбитұлы.   

    Мерекелік шара шеңберінде әскери сарбаздар Мемлекеттік Туды салтанатты түрде алаңға алып шығып, еліміздің Мемлекеттік Гимні шырқалды. 

     Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет өнерпаздарының өн бойды жігерлендіретін отансүйгіштік   сарындағы ән-жырларымен жалғасты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер