Түркістан облысында, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, «Керуен сарай» көпсалалы кешенінен бастау алып, Рәміздер алаңына көшелерінде автошеру өткізіп, мерекенің маңызын айшықтай түсті.
Аталған акцияның мақсаты – өскелең ұрпақты отандық патриотизм мен жоғары азаматтық сабақтастыққа үндеп, қоғамның рухани бірлігін нығайту.
Айта кетейік, 1992 жылдың 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойылған болатын. Міне, содан бергі 28 жылда 4 маусым күні – ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып есептеліп келеді. Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының айнымас белгілеріне, ал, әнұранымыз тұғыры биік мемлекетіміздің жаршысына айналды.
Аталған шараға, жастар орталығытқызметкерлері мен белсенді волонтер жастар атсалысты.