Сауранда ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

image.png

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, жастар саясатын жүзеге асыру, ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын ұғындыру, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы "Ұлттық спорт - салауатты өмір бастауы" атты аудандық сайыс өтті.

Сайысты Сауран ауданы әкімінің орынбасары Букебаев Бақытжан, "Amanat" партиясының Сауран аудандық филиалының басшысы Асылбеков Сағынбек, Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Мыңтаев Жасұлан ашып беріп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Сайыс 5 кезең бойынша өтті, атап айтқанда:

1. Қошқар көтеру

2. Садақ ату

3. Аударыспақ

4. Қазақша күрес

5. Арқан тартыс.

Сайыс нәтижесіне сәйкес, жеңімпаздар тізімі төмендегідей: 

1 орын - "Абай жастары" (Бабайқорған ауылдық округі

2 орын - Құмтүйін жастары (Қарашық ауылдық округі) 

3 орын - Майдантал жастары (Майдантал ауылдық округі)

Ынталандыру сыйлығын "Қошқар көтеру" сайысында топ жарған Жаңабаев Бақдәулет   иеленді. 

Сайыс барысында топ жарып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы аудан әкімі Мақсат Асылбекұлының алғыс хатымен марапатталды. 

1. Қошқар көтеру - Жаңабаев Бақдәулет

2. Қазақша күрес - Айтжан Нұрбол

3. Аударыспақ -  Жарылқасын Бекзат 

Барша қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеңістерімен шын жеректен құттықтаймыз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер