Сарыағаш ауданы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің думан залында Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру негізінде "Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс" тақырыбында Сарыағаш ауданындағы 12 колледж бен Арыстан баб жоғары колледжінің оқытушылары және білім алушыларымен ашық диалог алаңы жүргізілді. Іс-шараны ұйымдастыру бойынша жауапты маман Э.С.Байдарбекова ашып: - Адал адам, адал еңбек, адал табыс ұғымдарына кеңінен тоқталды. Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің маманы, Әсілбек Сәбит Әсетұлы қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қарсы күрес туралы Заңды негізге ала отырып, кеңінен түсінік беріп, кез-келген жеке тұлға өз ой-пікірін еркін айтуы үшін толық құқылы екендігі жайлы мәліметтерді айтып, жастардың сұрақтарына мысалдар арқылы жауап берді.
Колледж басшысы, Б.Т.Шығанов колледжде білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар өтіп жатқанын тілге тиек етіп, жас ұрпақтың бойындағы адалдық, шынайылық , жауапкершілік, әділдік сынды ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген, Әділетті Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын адал ұрпақты тәрбиелеуде еңбек етіп жатқандығын және осындай жақсы қасиеттерге ие адал азаматтардың Отанына, еліне адал еңбек етіп, адал табыс әкелетіндігіне сенімді екенін сөз етті.