Отансүйгіштік - мектептен басталады

image.png

«Тұғырым — Көк байрақ, Әнұран — мол қайрат, Елтаңбам – жұртқа айбат. Осы қасиетті ұғымдар әрбір азаматымыздың миында қатталып, санасында жатталып тұруға тиіс. Отан мен мемлекет ортақ. Қай уақытта болса да, әлемнің әр түкпіріндегі елдер үшін де Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің кең көрінісі мемлекеттік рәміздер болып табылады. Ел Тәуелсіздігін мемлекеттік рәміздерден бөліп алып қарай алмаймыз. Мемлекеттік рәміздер өзінің болмысымен, мазмұнымен әрбір азаматтың туған еліне деген отаншылдық, патриоттық рухын асқақтатады. Барлық уақытта мемлекеттік рәміздер ерекше ұлттық мақтаныш нышаны болған, сондықтан оларға құрметпен қарау әр қазақстандықтың азаматтық борышы және мемлекеттік ішкі саясаттың басты бағыты

Осы орайда 4 маусым- Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Сарыағаш аудандық орталық кітапханасы және балалар кітапханасы бірлесіп «Рәміздер- еркіндік нышаны» атты патриоттық кеш өткізді. Іс- шара ҚР әнұранымен басталды. Кітапхананың кішкентай оқырмандары еліміздің рәміздер жайлы жыр- шумақтарын мәнерлеп жатқа айтты. Патриоттық кештің сәнін Дүйсебай Раянның «Бозторғай» және «Қазағым» әні ашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс- барысында «Мемлекеттік рәміздер- ел мәртебесі» атты кеңейтілген кітап көрмесіне оқу залы библиографы Төреханова Гулполат шолу жасап, елтаңба, ту, әнұранымыздың құндылығы мен қасиетін дәріптеп, жастарды Отансүйгіштіккке баулып, елін- жерін сүйетін ұлтжаны ұрпақ болуға шақырды.

Иә, Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің егемендігіміздің берік негізінің кепілі. Шекарасы шегеленген, өзіндік ұстанымы бар ел екенімізді дәлелдейтін белгі. Егеменді еліміздің біртұтастығын бейнелейтін көрініс.

Тәуелсіз елдің ұрпағы Мемлекеттік рәміздерді бала жасынан біліп, құрметпен қарауы қажет. Өскелең ұрпағымызды Отанын, Мемлекеттік рәміздерін сүюге, өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу мақсатындағы іс-шарада балалар рәміздер туралы тақпақ, мақал-мәтел, Отан туралы ән орындады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балалардың көңілінен шығып, олар өскенде өз Отанының дамуына үлес қосып, рәміздерге құрметпен қарайтындарын мақтанышпен айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер