Рәміздерге құрмет – ортақ міндет

image.png

Бүгін Созақ ауданының орталығындағы  “Ту тұғыры” алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер  күніне арналған ту көтеру рәсімі өтіп, Мемлекеттік Әнұран әуелете шырқалды. 

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков  «Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірлігіміз бен егемендіктің жарқын бейнесі. Осынау елдігіміздің нышаны - рәміздерді қастерлеу бәріміздің қасиетті борышымыз. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі асқақтай берсін»,-деп тұрғындарды Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жүрекжарды лебізін білдіріп, рәміздердің қадір-қасиетін атап өтті. 

Мерекелік шараға аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, белгілі спортшылар, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздары патриоттық әндер орындап, мерекелік шара Мемлекеттік Туды желбірете ұстаған автошеруге ұласты. Автошеру Шолаққорған ауылының ішкі көшелерімен жүріп өтті.

Мемлекеттік рәміздер – ел Тәуелсіздігін әлемге әйгілейтін қасиетті нышандар. Онда көрініс тапқан әрбір өрнек халқымыздың өткені мен бүгінін бейнелейді. Қандай ұлт екенімізді паш етеді. Байрағымыздағы көк түс тыныштық пен бейбітшіліктің символы. Қыран бүркіт қазақ елінің биіктікке, әлемдік өркениетке ұмтылуын білдіреді. Елтаңбадағы шаңырақ адамдарды татулық пен сыйластықта өмір сүруді үндейді. Ата-бабадан келе жатқан осынау асыл қасиеттер рәміздерде барынша көрініс тапқан. Сондықтан оны құрметтеу, мақтаныш тұту – Қазақстанда тұрып жатқан әр азаматтың парызы. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер