Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында үшкүндік семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинардың бүгінгі үшінші күнінде мектеп директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында сала мамандары біліктіліктерін арттырып, өзара тәжірибе алмасты. Шеберлік сабағында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Этномедиация орталығы директорының орынбасары Фарида Мусатаева, аталған институттың Этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова арнайы дәріс оқыды. Онда этносаралық қақтығыстың туындау себебі, шиеленісуге ықпал ететін факторлар, оны реттеу кезінде жергілікті билік органдарының, этнос өкілдерінің рөлі шеңберіндегі тақырыптар қамтылған.
Семинардың алғашқы күніне аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары қатысты.
Ал келесі күнгі семинарда ҚР ҰҚК ТО бойынша департаменті 10 басқарма бастығы Арман Қожабаев, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі-топ басшысы Ербол Тұрсынбаев, сондай-ақ аудан, қала прокурорлары, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің аудандық, қалалық бөлімдерінің басшылары, аудан, қала әкімдері, полиция бөлімдерінің басшылары болды.