Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Осы орайда, жоспарға сәйкес, Созақ ауданының Созақ және Шолаққорған ауылдарында, сондай-ақ Арыс қаласында кездесулер өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімің басшысы Х.Исақов, ауыл билері, этномәдени бірлестік мүшелері, тағы басқа белсенді тұлғалар қатысты.
Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны?», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды. «Негізгі міндет – мемлекеттік этносаяси басқаруды оңтайландыру және бұқаралық сананың қарым-қатынасын зерттеуге байланысты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу, этносаралық шиеленістерді төмендетуге ықпал ету. Қоғамға ұлтына қарамастан, ортақ Отан сезімімен, барлық халықтардың тағдырына жауапты бола білу сияқты азаматтық ынтымақтастық керек. Азаматтық ұлтқа айналуда этникалық және азаматтық идеология түзу, этноцентристік қарым-қатынастан паритетті-демократиялық көзқарасқа өтуге ынталандыру қажет. Сондықтан этникалық мәдениет тоғысында бізге біріншіден, «қазақ мәдениеті – шағын этностар мәдениеті» бағыты бойынша институционалды зерттеулер қорытындысы, сонымен қатар этноәлеуметтік үдерістерде әлеуметтік, саяси технологияларды әзірлеу қажеттігі туындайды. Яғни алдағы уақытта Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің ошағы ретінде дамуы қажет.», деді ұйымдастырушылар.
Еске салсақ, Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында мамыр айының 27-31 және маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.
«Этносаяси менеджментті оңтайландыру арқылы еліміздегі этносаралық шиеленіс деңгейін төмендетіп, көкейкесті мәселелерді анықтай аламыз»деген тұжырымды құптаған қатысушылар этноәлеуметтік үдерістерді талдау, сын-тегеуріндерді зерттеу Қазақстандағы этнос өкілдерінің бірлігі мен келісімін нығайту жұмыстарын жетілдіруге ықпал етеді деген тоқтамға келді.