Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды дамыту арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында үшкүндік семинар-тренинг басталды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинар-тренингте этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды. Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.
Семинар-тренинг Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі семинарға ҚР ҰҚК ТО бойынша департаменті 10 басқарма бастығы Арман Қожабаев, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі-топ басшысы Ербол Тұрсынбаев, сондай-ақ аудан, қала прокурорлары, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің аудандық, қалалық бөлімдерінің басшылары, аудан, қала әкімдері, полиция бөлімдерінің басшылары қатысты.
Аталған семинарды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде өркениетті елдерде медиация институтына мықтап ден қойылып жатқанын, бұл ретте өңірде этномедиация қызметін ілгерілетуде жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
– Еліміздегі медиация қызметін үйлестіру міндеті Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелгені белгілі. Қазақстан Республикасының Медиация туралы заңы 2011 жылы қабылданып, күшіне енген. Бұл құжат еліміздегі медиация саласындағы қоғамдық және азаматтық қатынастарды реттейді. Мемлекет басшысы таяуда өткен Ассамблея сессиясында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында этномедиацияға қатысты жұмыстар қолға алынғанын айтып, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Қазақ халқының тарихында да медиация институты ерекше орын алған. Біздің де бұл механизмді «бабалар мұрасы» деп атауға толық құқығымыз бар. Себебі Ұлы даламыздағы билер институтының қызметі, Тәуке ханнан мұра болып қалған «Жеті жарғының» да біраз баптары дәл осы медиация принциптеріне негізделген. Бүгінгі семинерда спикерлер медиацияның заманауи механизімдері, этносаралық шиеленістерді реттеудегі алгоритмдер, медиативтік тәсілдер туралы өз тәжірибелерімен бөлісетін болады, - деді Бейсен Дәулетұлы.
Семинарда атап өтілгендей, бүгінде Түркістан облыстық ҚХА жанынан құрылған Медиация кеңесі құрамында 19 мүшесі мен 56 кәсіби және қоғамдық медиатор белсенді жұмыс істеуде. Өткен жылы өңірде этнос өкілдерінің қатысуымен 192 оқиға орын алса, соның 156-ы медиация жолымен оң шешілген. Ал биыл жыл басынан 41 оқиға тіркеліп, соның 28-і медиация тәртібімен оң бағытта шешімін тапқан.
Семинар барысында сала мамандары біліктіліктерін арттырып, өзара тәжірибе алмасты. Шеберлік сабағында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Этномедиация орталығы директорының орынбасары Фарида Мусатаева, аталған институттың Этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова арнайы дәріс оқыды. Онда этносаралық қақтығыстың туындау себебі, шиеленісуге ықпал ететін факторлар, оны реттеу кезінде жергілікті билік органдарының, этнос өкілдерінің рөлі шеңберіндегі тақырыптар қамтылған.
Еске сала кетсек, семинардың бірінші күніне аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары қатысты. Ал ертең, яғни семинардың үшінші күнінде мектеп директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысады.
Алқалы басқосуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Этномедиация орталығы директорының орынбасары Фарида Мусатаева арнайы келіп отыр. Түстен кейін осы институттың Этномедиация орталығының директоры Луиза Узарова арнайы дәріс оқиды.
Семинардың бірінші күніне аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары қатысып отыр.
Жиында спикерлер баяндама жасады, семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салуда.
Алқалы басқосуда атап өтілгендей, Түркістан облысында этнос өкілдерінің қатысуымен болған құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізу алгоритмі түзіліп, бекітілген. Этнос өкілдерінің қатысуымен қандайда бір келеңсіз оқиға орын алған кезде жауапты мемлекеттік және құқық қорғау органдары соның негізінде әрекет етеді.
Еске сала кетсек, семинардың екінші, үшінші күндері аудан, қала прокурорлары, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша Департаментінің аудандық, қалалық бөлімдерінің басшылары, аудан, қала әкімдері, полиция бөлімдерінің басшылары және мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысады.