«Байлық байлық емес, бірлік – байлық»

image.png

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық¬қа арнаған алғашқы Жолдауында Қазақстан қоғамын толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға тұщымды жа¬уап берілген. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдаудың аты айтып тұрғандай, маңызды құжатта қоғамдық диалогқа, ашықтыққа, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуға ерекше екпін берілген. Мемлекет басшысы қоғам¬дық келісімді нығайту қажеттігін айта келе: «Әлеуметтік және этнос¬тық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлес¬кен еңбегінің нәтижесі. Осыған орай саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қа¬лып¬тастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әралуандығында!». Елі¬міздегі этностық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз» деді.Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 33 жыл болды. Осы уақыт аралығында этносаралық татулықты тұғырынан түсірмеу бағытына ауқымды жұмыстар атқарылды. Ел аумағында тұратын барлық этностардың құқықтары ескеріліп, гуманистік бағытта атқарылған кешенді әрі тындырымды тірліктер өз жемісін беріп үлгерді.

Осы ретте бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда бірқатар саланың өзекті мәселелері талқыланды. Жастар, этносаралық қатынас, білім беру және өзге де салалардағы түйткілдер тарқатылды. Мәжіліске құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 

– Қоғамда әділдікті, еңбекті дәріптеу, жастарға қолдау көрсету маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі кезде балаларды өтірік тіркеп, жалған мәлімет беріп жатқан балабақшалар анықталды. Жүргізілген мониторинг нәтижесі солай көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, тексерілмеген, жалған ақпарат тарататындар бар. Ақпараттандыру саласындағы белсенділікті арттырған жөн. Жұмыс күші де жетіспейді бізде. Қазіргі уақытта 200-ден астам нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соларға жұмыссыз азаматтарды тартыңыздар. «Жастар практикасы» бар, «Серпін» бағдарламасымен оқу, әскерге шақыру жұмыстары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Сондай-ақ NEET санатындағы жастарды колледжге оқыту мәселесі де өзекті. Биыл жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс беріп отырмыз. Жастар грантта оқи алады. Осы бағытта да жұмысты қолға алыңыздар, – деген облыс әкімінің орынбасары нақты жұмыс жоспарын ұсынуды тапсырды. 

Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мен этносаралық қақтығыстардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. 

Еліміз төрткүл дүниеге танылды. Өзіндік даму жолына түскен жас мемлекетімізде қыруар тірліктер атқарылды.Құтты қазақ жерінде 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

 Түркістан өңірінде көптеген ұлт өкілдері бір атаның баласындай бақытты ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіруде. Облыс аумағындағы орыс, неміс, кәріс,  түрік тағы да басқа  этномәдени орталықтары ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етуде. Дағдарысты жеңетін де, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа биіктерге жеткізетін де - біздің осы қоғамдық татулығымыз. Кез келген қуатты мемлекет құрудың басты тетігі - саяси тұрақтылық. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім-тәуелсіздігіміздің басты құндылығы болса, этносаралық бірлік - ел байлығы саналады. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы - еліміздің ары қарай дамуына, әлемдік дағдарысты жеңуге жетелейді.  Біз, біртұтас ел болып қуатты қоғамға айналдық, бейбіт өмір, қоғамдағы көпұлтты қазақстандықтардың ұлтаралық татулығы ынтымағының арқасындаа бой көтерді. Дегенмен, сын қатерлер аз емес жаңа белестерді бағындырып бірегей құрылым артында ел бірлігін тағыда нығайтуымыз қажет.

Еліміздегі бірлік пен ынтымақты дәріптейтін бір ғана конституциялық статусқа ие болған патриоттық қоғамдық институт яғни бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы. Біз ассамблеяның жұмысын әрі қарай дамытуымыз керек.

Қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақ-стандық патриотизм, қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде этносаралық келісімді қамтамасыз етуде баршамыз алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдемін. Себебі ынтымақ бар жерде ырыс, бәреке бірге жүреді.»,- деді өз сөзінде басқарма басшысы. 

Содан соң Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев аудан, қаладағы ахуалдар туралы атап өтті. 

Жиын барысында түрлі ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Мәселелер ортаға салынып, нақты шешімдер қабыланды. Қауіпті орындарға бақылау камерасын орнату және жазғы сауықтыру лагерлерінде оқушыларға экологиялық сауатты көтеру, қоршаған ортаны қорғау, тазалау жолдарын үйрету жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз: «Байлық байлық емес, бірлік – байлық», - деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағының амандығы – келешегінің кемелдігін білдіреді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер