Төлебиде тұрақтылықты ту еткен жиын өтті

image.png

Бүгінгі күні қоғамдық сананы, әлеуметтік саясатты жаңғырту міндеттерін айқындаған Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуының 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған. Осыған сәйкес  Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, жоспарға сәйкес, Бірінші Мамыр ауылдық округі, Зағамбар елдімекені және Киелі тас ауылдық округі, Сұлтан Рабат елдімекенінде кездесулер өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімің басшысы Х.Исақов, аудандық ЭМБ-нің төрағалары мен белсенді мүшелері, дін саласының өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.

Жиналыс жоғары деңгейде өткізіліп, этносаралық кикілжіңнің алдын алу, ел дамуының кепілі бағытында сөз қозғап, кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді.

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Елдің өсіп өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — қоғамдық келісім, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары болуы. Биыл еліміз егемендігінің отыз үш жылдығын атап өтіп жатыр. Тарих толқыны ең басты әрі маңызды құндылық - халықтың бірлігі. Себебі бірлік мемлекет дамуының қозғаушы күші. Өздеріңіз білетіндей, республикамызда тұрақтылықты нығайтып, бейбітшілік пен келісімді сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айрықша. Ассамблея құрылғалы елдегі этностардың рухани жаңғыруына және топтасуына ықпал ететін көпұлтты халықты шоғырландырудың нақты институтына айналып үлгерді. Көпэтносты және көпконфессиялы қоғамды топтастыру үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясы институты ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы - қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту ісінде басты рөл атқарады, қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін конституциялық орган. 2007 жылдан бастап Қазақстан Халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өз өкілдерін жібереді. Еліміздің  астанасы мен облыстар, республикалық маңызы бар қалаларындағы Кіші Ассамблеялары қоғамдық өмірдің бел ортасынан табылады. Ал аудандар мен қалаларда Қоғамдық келісім кеңестері құрылған. Тіпті ауылдық округтер мен кенттерде құрылған қоғамдық келісім кеңестері қоғам ісіне белсене араласады. 

Еске салсақ, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында мамыр айының 27-31 және маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.

Бүгінгі таңда елімізде тұрып жатқан әрбір этнос өкілі Қазастанды өзінің екінші үйі санайды. Бұған республикада жүргізілген этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған саяси іс-шаралар мен реформалардың нәтижесі үлкен септігін тигізіп отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ҚХА кеңес мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде сегіз басымдық аясында тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеген еді. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, экономикасының көтерілуі, қоғамдағы келісім, тұрақтылық, татулық және этносаралық бірлігіміздің арқасында екенін қадап айтты.

Осы орайда біз біртұтас ел болып қуатты қоғамға айналдық, бейбіт өмір, қоғамдағы көпұлтты қазақстандықтардың ұлтаралық татулығы ынтымағының арқасындаа бой көтерді. Дегенмен, сын қатерлер аз емес жаңа белестерді бағындырып бірегей құрылым артында ел бірлігін тағыда нығайтуымыз қажет. Жиынның көксегені де осы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер