Сауранда 10-нан астам түрлі этнос өкілдері тұрады

image.png

Бейбітшіліктің негізі, түп-тамыры - xалықтың бірлігінде, біртұтастығында. Елімізде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері болса, Сауран ауданында 10-нан астам түрлі этнос өкілдері ынтымақта өмір сүруде. Сауран ауданында мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайту мақсатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылуда.

Атап өтетін болсақ, ұлтаралық татулықты ұлықтау мақсатында қазақ-өзбек ұлттары мен асбаптарынан құралған «Достық» ансамбльін қайта құрып, жарты ғасырдан астам тарихы бар «Дильшод» ансамбльі қайта жаңғырды. 50 жылдық тарихы бар «Қарашық» театрын қайта жарыққа шығару мақсатында сахналық киімдермен қамтамасыз етілді.

Сахна саңлақтарынан құрылған «Дилшод» өзбек халықтық - фольклорлық ән-би ансамблі, Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Достық» ансамбль және Мәдениет үйіне қарасты аудандық өнерпаздардан құрылған фольклорлық ансамбль мен Қарашық ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған Халықтық атағы бар «Өзбек халық» театрының бірлескен өнер майталмандарының алғашы мерекелік кеші ұйымдастырылды.

Жаңа Иқан ауылдық округінде өткен шара “Сауран - ынтымақ пен татулықтың мекені” деп аталады. Онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері халық шығармашылығы, кітаптар, музыкалық аспаптар қойылды. Іс-шара барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құттықтау сөз сөйлеп, одан әрі достықты, бірлікті нығайту ісіне елеулі үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің басшыларын марапаттады.

Алдағы уақытта қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында этномәдени бірлестіктердің жұмыстары насихатталады. Онда аудан көлеміндегі 12 ауылдық округтерде осы бағыттағы сахналық қойылымдар мен, өнерпаздардың арнайы концерттік бағдарламалары халық назарына ұсынылатын болады дейді мамандар.

Ресми статистикаға сүйенсек, Түркістан облысының халқының ұлттық құрамы бойынша: 76%-ын қазақтар, 17%-ын өзбектер, 1,8%-ын тәжіктер, 1,7%-ын орыстар, ал қалған 3,7%-ын басқа да этностар құрайды. Өңіріміздегі ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен бірлікті нығайту мақсатында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 12 этномәдени бірлестік және олардың аудандар мен қалаларда 7 филиалы және 14 өкілдіктері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер жанында 10 жастар қанаты, 2 жексенбілік мектеп және 8 Аналар кеңесі бар. Этномәдени бірлестіктер өңірдің қоғамдық жұмыстары мен қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысады.

Этнос өкілдері Түркістан (өзбек, түрік), Кентау (өзбек, татар) қалалары мен Сайрам (өзбек, түрік, күрді).Төлеби (өзбек, түрік, күрді), Сарыағаш (өзбек, тәжік, әзірбайжан, татар), Мақтаарал (өзбек, тәжік, әзірбайжан, түрік), Жетісай (өзбек, тәжік) аудандарда жинақы шоғырланған. Көптеген этностар қазақ жеріне 1940 жылдары ҰОС кезінде жер аударылған. Өзбек этносы ХІ-ХҮІІІ ғасырдан бері қазақ жеріне қоныстануды бастаса, тәжік этностары Кеңес дәуірінен бастап көшіп келе бастаған. Олар егіншілікке, шаруашылыққа ыңғайлы жерлерге қоныстанған. Олардың біздің Атамекенімізге қоныс аудару себептерін көпшілік жақсы біледі. Сталиндік қуғын-сүргіннің салдарынан туған жерлерінен үдере көшкен олардың өмірі аса ауыр болды.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілімізге деген құрметі этносаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтардың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Осыған орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктері тілге деген белсенділігін танытуда. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің маңыздылығы ерекше.

Бүгінгі күні қазақ тілінің өзінің мемлекеттік биік мәртебесіне лайық деңгейде қызмет атқару қажеттілігі – заман талабынан туып отыр. Осыған орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында «Қазақ тілі» курсы орталығы ұйымдастырылды. «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік орталығында тілді үйретуге білікті мамандар тартылған. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Курста оқытудың басым әдісі – коммуникативтік тәсіл. Бұл тәсілдің бірнеше себептері бар. Біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту – оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған, сондықтан ең алдымен, тыңдалым мен айтылым дағдыларына көңіл бөлінеді. Екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Тіл үйренуші грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды. Уақыт өте келе оның сөздік қоры молаяды, қоршаған адамдардың басым бөлігі оны түсінетіндей деңгейде сөйлесе алады. Содан кейін ғана оқу мен жазуды үйренеді. Курста ана тілінен өзге тілді үйренудің негізі осында жатыр. Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту ұсынылған. Тіл үйренушілердің қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп сөйлеуге, бірінің пікірін бірі қадірлеуге, өзіндік және өзара бағалауға, сөзді ойын арқылы жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология, интерактивті оқыту негізінде ұйымдастыру мен сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары қолданылған. Бұл өз тиімділігін көрсетуде.

Жалпы облыстық этномәдени бірлестіктер ҚР Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңына сәйкес қоғамдық аккредиттеуден өткен. Олардың әрқайсысы облыстық Ассамблеяның жоспарына және жылдық жоспарын бекітіп, сол жоспар бойынша жұмыс атқарады. Оның ішінде, мемлекеттік мерекелермен қатар әр этностың ұлттық мерекелерін атап өтуге байланысты іс-шаралар, дөңгелек үстел отырыстары мен кездесулер, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және облыс көлемінде атап өтілетін саяси, мәдени іс-шараларға қатысу көзделген.

Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытты жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстарды қолға алмақ. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдасына сәйкес облыс көлемінде ағымдағы жағдайды талдау мен халықаралық тәжірибеге шолу жасауды күшейтпек. Этносаралық қатынастар саласын дамытудың үрдістері мен мемлекеттік саясаттың міндеттері мен қағидаттарын жүйелі орындауды да көздеп отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында ахуалды талдау мен қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі қызметті күшейту де күн тәртібіндегі мәселе. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері және ресурстық қамтамасыз ету жолында жоспарлар жүйелі.

Егемендіктің алғашқы күнінен бастап қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлт саясатындағы басты қағидаға айналды. Сол себепті ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің барлық тетіктері мен негіздері қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы этностық, нәсілдік, діни немесе өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерін қорғайды. Негізгі заңның нормалары барлық этностық топтар арасында сенім және өзара құрмет негіздерін қалады.

Қазіргі таңда тәуелсіздігіне 30 шақты жыл ғана болған Қазақстанның ұлтаралық және дінаралық саясаты татулық пен төзімділікке, келісім мен бейбітшілікке негізделіп отыр. Діни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісін қарастырғанда қазақ халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін назарға алу қажет.

Тарихқа жүгінер болсақ, қазақ даласында ерте заманнан-ақ көптеген діндер өмір сүріп, сан ғасырлар бойы Ұлы Дала төсі қаншама халықтардың бейбіт мекеніне айналған. Діни төзімділік пен келісім, мәмілегершілік, қонақжайлылық қасиеттері халық бойында ғасырлар бойы дағдыланған. Соның көрінісі болса керек, қаншама мәдениеттер мен өркениеттер тоғысқан даламызда күні бүгінге дейін әр түрлі ұлт пен дін өкілдерінің түсіністік пен жарастықта өмір кешіп отырғанына куә болып отырмыз.

XXI ғасыр әлемдік аренада дүниежүзі халықтарының басты мәселелерінің біріне айналған ұлттық алауыздық, этникалық келіспеушілік одан әрмен өрши түсуде. Оны тоқтату не алдын алу іс-әрекетін жасау қай мемлекеттің болмасын әлем алдындағы беделін асқақтатары сөзсіз. Ол әр мемлекеттің қолынан да келе бермесі де анық.

Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблея еліміз үшін үлкен мән-мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мәдени орталық мүше. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бүгінгі өміріміз дүниежүзіне үлкен үлгі-өнеге болып отырғаны даусыз. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды.

Жалпы Қазақстан халқының дініне, діліне, тіліне қарамай іштей біртұтас қоғамдық құрылым болуға топтасуы үрдісінің табысты болуы, оның болашағы – дүниетанымдағы құндылықтық және психологиялық бағдарының ұтымды таңдалуына, өрбуіне байланысты екені даусыз.

Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 29 жыл толып отыр. Ассамблея біздің халқымыздың, елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің басын қосатын, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті арттыруға қызмет жасап жүрген ұйым.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістіктерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Түрлі этнос өкілдері тұрып жатқан елде ауызбіршілік пен татулықтың болуы – осындай институттардың сәтті жемісі.

Біздің ел ең алдымен тыныштығымен, бейбіт өмірімен мақтанады. Елбасының ел мен туған жер үшін сіңіріп жатқан еңбегі ерен. Елбасының салиқалы саясаты және салып берген даңғыл жолының арқасында біз - өзге этнос өкілдері бір үйдің балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл өз жалғасын тауып, мәңгілікке ұласса деген тілегім бар.

Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Бізге керегі – мызғымас бірлік. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Елбасы көп ұлтты Қазақстанда 100-ден астам этностар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында ерекше атап өтеді.

Қазақстан –  небір қиындықты бастан кешірген мемлекет. Бірақ әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде, тәуелсіздігін алып, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп-тамыры – xалықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында.

Қазақ елінде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз бірінші Жаратушының, екінші xалқымыздың еңбегінің жемісі.  Арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен  бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді. Әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда.

Еліміз  тәуелсіздік алған тұста, мемлекетіміз үшін ең жауапты кезең  болды. Бүгінде тұрақтылықтың тұтқасына, бірлігіміздің бастауына, ұлттар арасындағы достықтың «алтын көпіріне» айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміз үшін маңызы зор. Тағдырдың жазуымен, ұлан-байтақ жерімізге  көптеген ұлт өкілдері жер аударып келіп, қоныстанды. Бүгінде олар қаны бөлек болғанымен, қазақ халқымен жаны бір, ұлты басқа болғанымен,  халқымызбен арманы ортақ біртұтас елге айналып отыр.

Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға қатыса алады. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей кез келген ұлт өкілдерінің құқықтары тең. Ата Заңымыздың бірінші бабының өзінде басты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды басты орынға қойған мемлекетімізде, адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз.

Жалпы елімізде халықтың тыныштығын алып, іріткі салуға қатысты барлық әрекетке тыйым салынған. Бұл туралы тіпті еліміздің Ата Заңында да анық көрсетілген. Онда «Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады», – делінген. Еліміздің бірлігі мен татулығы, ұлттар арасындағы достық әрқашан алдыңғы орында. Ал, бұл ауызбіршілікті сақтауда – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жоғары екені айтпаса да түсінікті.

Қарапайым, сыйластық, үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып саналады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің баға жетпес байлығы. Қазақстан тарихының едәуір бөлігі оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының – тарихы. Бұл ретте, Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан жалғасын тауып, сабақтасып келеді.

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді – қастерлеп сақтай отырып, еркін дамуда. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана халықтардың экономикалық теңдігі, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Елбасының, мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықтың, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін нығайта беру, оларды алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айрықша орын алды. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбіршілік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел, халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.

Еліміз қарқынды даму үстінде. Елімізде мекендеген барлық ұлттар арасында татулық пен бірлік сақталып, біртұтас ел ретінде күшімізді біріктіре отырып, бәсекеге қабілетті ұлт болуға күш салуымыз қажет. Бүгінде ауызбіршілігі қашқан елдердің экономикасы артқа кетіп, берекесі қашып отырғанын ұмытпай, этносаралық татулығымызды арттыра отырып, тек ұдайы дамуды мақсат етуіміз керек.

Халқымызда ұлтаралық татулыққа айырықша маңыз берілген. Қазақтың данасы Ұлы Абай атамыз: "...Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп" - деген өлеңі арқылы адамдар арасындағы ынтымақ пен татулықты сипаттауы да тегін емес.

Асыл дініміз ислам ұлтаралық татулыққа байланысты тағылымдарға толы. Алла Елшісі: (с.ғ.с.) «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб, араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан, тақуалығынан (адамгершілігінен) басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Алланың алдында ең мәртебелілерің тақуалы (адамгершілігі мол) болғандарың» деп бар адамзат баласын тең құқұыққа ие екендігін айтқан.

Сонымен қатар  «Өздеріңе біреу шабуыл жасаса, Алла жолында сендер де соғысыңдар. Тек өздерің килікпеңдер. Анығында, Алла шектен шыққандарды ұнатпайды» деп,  әр адам өз тіршілік қарекетімен күн кешіп, тыныш та бейбіт өмір сүруді уағыздаған.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с)  өз өмірінде аса мейірімді, қайырымды болғандығын байқаймыз. Алла Елшісі (с.ғ.с) исламды қабылдаған немесе қабылдамағанына қарамай барлық адамды бауыр тұтып, ауырса көңілін сұрап, қуанышына ортақтасып тұрғандығын ғибратты әңгімелерден байқай аламыз.

Қазіргі таңдағы кері ағымдағы көқарастар секілді емес дінге кіру адамның өз таңдауына байланысты. Сахабалармен әулиелер қашанда исламды даналық арқылы жаюды мақсат еткен. Атап айтқанда қасиетті Құран кәрімнің «Бақара» сүресінің 256 аятында: «Дінде зорлық жоқ» деп көрсеткен. Асыл дінімізде  дін жаю үшін соғысуды қолдамайтындығын білеміз. Ислам-ең бастысы бейбітшілік діні. Құранда «Мұмтахина»  сүресінің 8 аятында  Алла  Тағала: «Сендермен соғыспаған, сендерді мекендеріңнен қуып шықпағандарға келсек, оларға жақсылық жасаудан, оларға   әділ болудан Алла сендердің жолдарыңды тоспайды. Алланың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз» деп тек қана әділдік пен турашылдықты жақтайтындығын көрсеткен.

Ұлы Жаратушы адамзат баласына  «Кешірім жолын ұстан, дұрыстыққа бұйыр, надандардан аулақ бол» делінген. («Ағраф» сүресі 199 аят) Асыл дінімізде ұлтаралық түсіністік пен төзімділік туралы Құранкәрімнің:«Әнфал»  сүресі  46 аятында  «(Барлық істе) Аллаға және оның пайғамбарына бойұсыныңдар, өзара тәжікелеспеңдер, әлсірейсіңдер, бойларыңнан қуат қашады. Шыдамды болыңдар. Алла шыдамдыны жақтайды» деп бұйырған. Сондықтан еліміздегі басқа ұлттардың да мәдениеті мен дініне түсіністікпен қараудың маңызы зор.

Әуелі Алла, сосын  мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіз еліміз татулық бесігінде тербелуде. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлттар ынтымағының ұйтқысы болып, күллі жаһанға үлгі болып отыруы зор мәртебе. Бұл  сарабдал ішкі саясаттың, еліміздегі 130  ұлтқа өзінің салт -дәстүрін, тілін дінін, ұлтық ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік жасағандықтың айқын нәтижесі екені анық.

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Қазақстан – достық пен келісім аумағы болды және болып та қала береді. Біздің ұранымыз: сан алуандықтағы бірлік. Осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттар, этникалық топтар шындығына келгенде бір ұлт саналады. Шетелді бізді «қазақтар» деп біледі. Өйткені, біздің мемлекетіміздің атауы дәл осы сөзден астасып жатыр», деп өз ойын нақты білдірген еді.

Расында да, біздің туған еліміз – айнымас достықтың айнасы іспеттес! Достық пен ынтымақ бүр жарған жерде береке мен ырыстың да айналшықтап кетпей қоятыны ақиқат. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған біздің облысымызда да нәтижелі істер молынан саналады.

Тағдыр табыстырған, тарих тоғыс¬тырған түрлі этнос өкілдері азат¬тықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қалас¬ты. Ынтымақты ырысқа, алуан-дықты байлыққа балаған біз бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырдық. Өнегелі ізгі бастамаларымен жаһандық бей¬бітшілікке зор ықпал еткен Қазақстанның тағылымды тәжі¬рибелері әлем жұртшылығына үлгі болды. Әрине, бұл жетістіктер бізге өздігінен, оңай келген жоқ. Еліміздің татулық пен тұ¬рақ¬тылықтың берекелі бекеті¬не айналуына Қазақстан халқы Ассам¬блеясы үлкен үлес қосып келеді» деген сөзі әрбір қазақстандық ұлт өкілінің жүрегінде жатталды.

Ассамблея осы кезге дейін барлық этностарды бір мақсат, бір мүддеге ортақ біріктіре алды. Жыл сайынғы сессияларында Қазақстан халқын толғандыратын мәселелер мен сұрақтар қызу, кейде өткір талқыланып, мемлекеттік, елдік мәселелер шешімін тапты. Толеранттылықты сақтап, елімізді ұлтаралық келісім мен бірліктің мекені ретінде әлемге таныттық. Тарихи оқиғаларға объективті көзқарас ұстанып, ел іргесінің негізін берік қаладық. Әр халықтың төл мәдениетін, тілін, ділін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дамытуға қолайлы жағ¬дай жасалды.

Алпауыт мемлекеттермен салыстырғанда, бізде аз ұлттар ұғымы қолданылмайды, барлық этностардың құқығы мен бостандықтары бірдей, үлкен-кіші деп жіктеуге жол берілмейді. Соның нәтижесінде, бірде-бір этнос жеке-дара оқшауланып, ерекше этностық мәртебесі туралы мәселе көтерген емес. Кері-сінше, шығу тегі әртүрлі этностар Қазақстанда дүниеге келіп, өсіп-өнгендерін мақтан тұтады. Өз Отанының дамуына әрқайсысы өздерінің қомақты үлесін қосып, белсене атсалысуға тырысады. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасырлық жолын таразылай отырып, мемлекет басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты өзін-өзі толық ақтағанын атап өткен жөн. Басты фактор – Қазақстанда этносаралық интеграция әуел бастан азаматтық қағидаттарға негізделгендігі болып отыр. Рухани мәдениеттің ортақтығы, әлеуметтік тұтастық – саяси тұтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер