Өзбек өз ағаң

image.png

Қазақстанда барлық этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Бүгінде өзбек этномәдени орталықтары еліміздің өңірлерінде үздіксіз жұмыс істейді. Өзбектер кеңестік кезеңнің соңына қарай өз мәдениетін сақтап қалу мақсатында қазіргі Қазақстан аумағында тұратын ірі этностар мәдени қоғамдастықтарға бірікті. Осылайша, 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) алғашқы өзбек мәдени орталығы құрылды. Кейін тәжірибе жинақтаған соң, дәл осындай мәдени  орталықтар өзбек этносының өкілдері шоғырланған басқа да аймақтарда құрыла бастады. Атап айтқанда, Жамбыл және Қызылорда обылысындағы этномәдени орталықтар осы жұмыстың нәтижесі. 1995 жылы мәдени мұраны сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды топтастыру мақсатында Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы құрылып, жоғарыда аталған үш этномәдени бірлестікті өз қанатының астына алды. 2010 жылы қауымдастыққа Қазақстанның түрлі өңірлерінен қосымша 7 мәдени орталық қосылды.

Бүгінде Қазақстанның көптеген облыстарын қамтитын «Дустлик» қауымдастығы 12 облыстық этномәдени орталықты біріктіреді. Сондай-ақ, елімізде республикалық, облыстық және қалалық Өзбек этномәдени бірлестіктері мен олардың аудандардағы филиалдары жұмыс істейді. Бір қуаныштысы, олардың жалпы саны 45-ке жетті.

Этномәдени бірлестіктер мәдениетті сақтауға және дамытуға бағытталған түрлі аспектілерді қамту қызметін атқарады. Әрбір өзбек этномәдени бірлестігі қасынан «махалла-уличком», «төбе би» қоғамдық кеңестері, ақсақалдар мен аналар кеңестері құрылған. Бұдан басқа,  жастар қанаты аясында түрлі шығармашылық ұжымдар, спорттық командалар, вокалдық-аспаптық және хореографиялық ансамбльдер жұмыс істейді. 

 Сонғы статистикалық деректер бойынша Қазақстандағы өзбек этносы өкілдерінің саны – 620324 адам, яғни Қазақстан халқының 3,2 пайыздан астамын құрайды. Өзбек этносы өкілдерінің басым бөлігі Түркістан облысында, Шымкент, Түркістан, Тараз, Кентау қалаларында, сондай-ақ Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Қазығұрт, Меркі аудандарында шоғырланған.

Статистикалық деректерге сәйкес, өзбек этносының 57 пайызы – Түркістан облысында, 4,75 пайызы – Жамбыл облысында, 30 пайызы Шымкент қаласында орналасқан. Ішкі көші-қонның кең ауқымда жүруіне байланысты өзбектердің ірі қоғамдастықтары Қазақстанның басқа қалалары мен өңірлерінде де пайда бола бастады. Мысалы, Астана мен Алматыда 10 мыңнан астам этнос өкілдері болса, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда және басқа да облыстарда өзбектер қоныстанып жатыр.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек, қазақ хандары да, өзбек хандары да бір әулетке жататын, жердің бір бөлігі мерзімімен бір хандықтан екіншісіне өтіп отырған. Мысалы, Ташкент Қазақ хандығының астанасы болған. Ал Оңтүстік Қазақстан жерлері Бұхара Әмірлігі мен Қоқан хандығына қараған.

Одан әрі тарихи және саяси себептерге байланысты, Орта Азияны межелеу және мемлекеттік шекараларды бөлу кезінде өзбектердің шағын тұратын аудандары Қазақ ССР құрамында қалып қойды. Осылайша, Өзбек этносының өкілдері ирреденттер, яғни Қазақстан Республикасында бұрыннан мекендеген байырғы этникалық топ.

Өзбектердің қазіргі Қазақстан аумағына қоныс аударуының өзіндік саяси және экономикалық алғышарты бар. Өзбектердің этногенезі Орта Азия өзен аңғарлары мен іргелес аудандарда орын алды. Өзбектердің ұлт болып қалыптасуына Шығыс Түркі тілдерінде сөйлейтін Орта Азияның ежелгі халықтары – соғдылар, бактриялықтар, хорезмдіктер, ферғаналықтар, сақ-массагет тайпалары қатысты.

Қазақ пен өзбек халқы ғасырлар бойы түбі бір тамырлас халық ретінде әр қилы тарихи кезеңді бастан өткізді. Оларды тек тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлері ғана емес, сонымен бірге діні мен  шекарасының бірлігі де жақындастырады. Екі халықтың бауырластығы ортақ жауға шабуылдау кезінде ерлікпен төгілген ата-бабаларымыздың қанымен келген. Одан бері ғасырлар өтті, қоғамдық формациялар өзгерді, тұтас империялар пайда болды және ыдырады. Сол сияқты билеушілер бірін-бірі алмастырды, бірақ қазақтар мен өзбектер арасындағы туыстық, бауырластық және достық сол күйі өзгеріссіз қалды.

Тарихтан мәлім, өзбектер қазақ ұлтымен бауырлас халық ретінде  өмір сүріп келе жатыр. Біздің салт-дәстүрлеріміз де өте ұқсас, базарымыз да бір мазарымыз да бір. Былайша айтқанда, ауылы аралас, қойы қоралас жатыр. Бұл достықты жоғары бағалап, сақтай білу және мұны жас ұрпаққа насихаттап үйрету біздің борышымыз. 

    Бүгінде Түркістан облысында көп шоғырланған өзбек халқы облыстың саяси, мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өңірдің әдеуметтік-экономикалық дамуына, қазақ тілінің дамуына, ел ішіндегі ынтымақ, бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер