Ақпараттық түсіндіру тобы Кентауда

image.png

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен діни экстремизм және теріс діни ағымдардың алдын алу, этносаралық татулықты нығайту, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында кездесу өтті. 

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог маманы Б.Өтеген, Кентау қаласының құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі Б.Дәрібаева, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің инспекторы Ж.Аринова, "Қоғамдық келісім" КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев, Кентау қалалық мансап орталығының қызметкері Д.Асқынбай қатысты.

Полиэтникалық Қазақстан Республикасында этносаралық қарым-қатынастар ерекше көңіл аударуды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына жатады. Елімізді мекендейтін барша 140 этнос өкілдерін біріктіретін ортақ тарихи тағдыр, достық, туысқандық бірдейлік қазіргі таңда бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа жетелейтін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру бағытында күш біріктіруде. Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — қоғамдық келісім, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз. Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі сая¬си тұрақтылықтың кепілі ретінде этносаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз септігін тигізетіні сөзсіз. Ата заңымыздағы «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…» деп басталатын конституциялық идея Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттің тең құқылы, ерікті азаматтарының саяси қауымдастығы ретінде танып, олардың этникалық, мәдени ерекшеліктеріне қарамастан бір елдің азаматы ретінде сезінуіне, жақындасуына, ұйымдасуына және қоғамдық келісімге әрі бүгінгідей ұлттық бірліктің қалыптасуына жол ашты.

Конституциямыздың 1-бабында әлем елдері конституцияларының ешбірінде де кездеспейтін ерекше норма бекітілген. Яғни, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 2 тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық», - деп атап көрсетілуі де осы ойымызды бекемдеп, нықтай түседі.

Жалпы Қазақстан Республика¬сын¬дағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен этносаралық татулық мәселелері негізін қалыптастыру және оны дамыта білу өте маңызды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер