Аналар кеңесінің отырысы өтті

image.png

Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында Кентау қалалық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2024 жылғы ІІ-тоқсандық отырысы өтті.

Отырысты Кеңес төрайымының орынбасары Аяпбергенова Роза Мұратқызы ашып жүргізіп отырды.

Жиынға Кеңес мүшелері және Кентау қалалық емханасының психолог ЖДО Н. Смаилова, Кентау қалалық емханасының акушер генекологы У.Явенова, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Қ.Закирбаева, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Қ.Наханова, Кентау қалалық білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Н.Кузембаева, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы А.Құрманбаева және 8-9 сынып оқушыларының аналары  қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, жас  өспірімдер арасындағы ерте жүктілік, нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу туралы, әлеуметтік-психологиялық  сүйемелдеу орталығының міндеттеріде жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, сұрақ-жауаптарға кезек берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер