Облыс ардагерлерінің көшпелі кеңесі өтті

image.png

Жетісай ауданы ардагерлер кеңесінің жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында Түркістан облысы ардагерлері кеңесінің көшпелі семинары болып өтті.

Аталмыш басқосуға Түркістан Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Серікұлы Жанәбіл, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев, облыс аумағындағы барлық аудандар мен қалалардың ардагерлер кеңесі, туған жерді түлетуде тынымсыз еңбек етіп, қолымен канал қазғандар мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек және тыл ардагерлері, Ауған, Чернобыль АЗС апаты, Семей ялролық сынық полигоны, Варшава келісім шарты ардагерлері қатысты.

««Қарты бар ел – қазыналы ел» дейтін халқымыз қашан да қарияларын құрметтеп, төрінен орын берген. Атамыздың қанымен, анамыздың сүтімен бойымызға дарыған сол бір қасиетті бүгін біз жалғастырып келеміз.

Жалындаған жастық күш-жігерін туған жердің топырағын түлетуге сарп еткен Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмақ емес, керісінше, жылдар өтіп, тарих қойнауына енген сайын қымбаттай түспек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке мен бірлік тілеймін!» деген аудан әкімінің орынбасары айтулы шараның өскелең ұрпақ үшін маңызды екеніне кеңінен тоқталды.

Ауданды мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың қолөнер және ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, фольклорлы ансамбльбердің, ұлт аспаптар оркестрінің репертуарлары ұсынылған көшпелі кеңес барысында ардагерлер ұрпақтар сабақтастығы мен бүгінгі қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне батыстық идеялогияның тигізіп отырған кері әсері, зардаптары мен алдын алу жолдары жайында пікір алмасып, болашақтың иелерін тәрбиелеуде күш біріктіру керектігін айтты. Аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін беріп, елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тіледі.

«Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет» дейді қазыналы қарттар.

Бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің ертеңіне арнап, аянбай еңбек еткен қарттарымыздың облыстық көшпелі семинарының жоғары деңгейде өтуіне аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы сүбелі үлестерін қосып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Семинар соңында қонақтар Жетісай қаласындағы орталық саябақ пен «Б.Саттарханов» атындағы заманауи спорт кешенінің жұмысымен, саябақ аумағында бой көтеріп жатқан өзге де құрылымдардың барысымен танысып, «Белгісіз жауынгер» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер