Шардарада ту көтеру рәсімі өтті

image.png

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни, қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Еліміздің әр азаматы еліміздің басты нышандарын қадірлеп, ерекше құрметтей білуі тиіс. 

Осы орайда  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, «Рәміздерім - мақтанышым» атты іс-шара аясында, Шардара қаласының ең биік нүктесінде орналасқан «Шежіре» саябағында ту көтеру рәсімі өтті. 

Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудандық мәслихат төраеасы Б.Мүталиев, Ақсақалар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов,аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов және басқа да мекеме қызметшілері қатысты. 

Жиында сөз алған Б.Шомпиев көпшілікті аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан құттықтады:

«Елдің елдігін, мемлекеттілігін айқындайтын басты құндылықтар ол – елдің шекарасы, астанасы және мемлекеттік рәміздері. Баршаңызды Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік рәміздерінің мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Өздеріңізге мәлім, 1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілсе, тура 15 жылдан кейін дәл сол күні, яғни 2007 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданған болатын.

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, елдің тарихы мен құндылығын әлемге танытар Елтаңбамызбен және елдің рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттың анықтамасы. Сондықтан біздің әрбіріміз Отанды қалай құрметтеп, елімізді қалай сүйе алсақ, мемлекеттің нышандарын да сол дәрежеде қастер тұтып, құрметпен қарауға тиіспіз.

Кез келген егемен мемлекеттің тарихы ең алдымен оның мемлекеттік шекарасынан басталады. Тәуелсіздік жылдарындағы ең басты жетістігіміз – ата-баба аманаты – ұлан-ғайыр жеріміздің мемлекеттік шекарасы қалыптастырылды. 

Аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды жігерлендіріп, қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.

Ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас – адамның рухани болмысын айқындайтын асыл ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын елдің нышандары екені сөзсіз. Олай болса, Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш. 

Қымбатты көпшілік! 

Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін деп, мерейлі мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміздегі  тыныштығымыз бен бірлігіміз  бекем болсын!  Бүгін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері күні мерекесі аясында Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасы, ұлан-ғайыр қазақ даласының аспанында көк байрағымыздың желбіреп, әнұранымызды асқақта шырқайтын күн бүгін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, еліміздің еңсесі биік болсын! Байрағымыз көк аспанда желбіреп, Әнұранымыз шарықтай шырқалып, Елтаңбамыз символымыз ретінде мәңгілік жасасын"— деді. 

Сондай-ақ, Ту көтеру рәсімі өтіп, салтанатты түрде Әнұранымыз орындалып, патриоттық әндер шырқалды. 

Отан – ыстық ұя, қасиетті мекен. Сондықтан да оны қастерлеп, әрбір қазақстандық мақтан етеді. Өйткені, Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз – Қазақ елінің болмысын, бүгіні мен ертеңін сабақтастырып, елдің еңсесін көтеретін елдігіміздің ең басты абыройы. 

Біз бүгінде тәуелсіздігімізді тұғырына қондырып, Қазақстан мемлекетін құрып әлемдегі ба¬қытты халықтардың бірі болдық. Зор еңбекпен, маңдай термен келген байлығымызды қолдан шығарып алмай, ұрпақтан ұрпаққа табыстау – біздің адал парызымыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер