Аналар кеңесі - берекенің кілті

image.png

Таяуда Түркістан қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жиыны өтті. Жиынды Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова ашып, жүргізіп отырды.

Алқалы басқосуға облыстық ҚХА жанындағы қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

Келелі жиында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы салиқалы сөз қозғады, сондай-ақ Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде және Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды.

– Аналар кеңесінің негізгі мақсаты – қоғамдағы береке-бірлікті, келісімді нығайту. Сонымен қатар, отбасы институтын сақтауға ықпал ету, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосу. Осы бағыттағы жұмыстарды Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесі ары қарай жандандыра бермек, — деді Эльмира Ұласбекқызы.

Жиында белгілі болғандай, қазіргі таңда Түркістан облыстық ҚХА жанында түрлі деңгейдегі 204 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Өңірдегі Аналар кеңесі 1200-ден аса белсенді ананың басын қосып отыр. Кеңес құрамында өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген белгілі педагогтар, дәрігерлер, этномәдени бірлестіктер өкілдері, зейнеткерлер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, жеке кәсіпкерлер, үй шаруасындағы, мәдениет саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер бар…

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер