Ассамблея қайырымдылық та жасайды

image.png

Қазақ топырағынан артық жер жоқ деп санайтын өзге ұлт өкілдері Түркістан тұрғыны болғанын мақтаныш санайды. Жалпы, облысымызда 50 түрлі өзге ұлт өкілдері тұрады екен. Олардың тұрмыс-тіршілігі қазақ халқымен біте қайнасып кеткен. Бір-бірін ұлтқа бөлмей, бауыр санайды. Ұлттар арасындағы қарым-қатынасын нығайту мен қазақ тілін дәріптеуде Қазақстан халқы ассамблеясының сіңірген еңбегі орасан.

Түркістан облысының халық саны 2 миллионнан асады. Оның 600 мыңға жуығы өзге ұлт өкілдері. Өзбек, тәжік, орыс пен әзірбайжан ұлтының өкілдері бір саусақтың саласындай, бір атаның баласындай қазақ халқымен тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ал облыстағы Ассамблея ұлтаралық татулық пен келісімді және этнос өкілдерінің өз мәдениетін дамытуына жол ашады. Ол үшін әр аудан мен қалаларда этномәдени бірлестіктер қызмет етеді. 

«Біздің Түркістан облысында  этномәдени бірлестіктердің 92 пайызы қазақ тілінде сөйледі деп мақтанышпен айта аламыз. Себебі Түркістан қазақи, салт-дәстүрді берік ұстанған өңір»,- дейді  Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Ұласбекқызы. 

Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Үлес» қайырымдылық қорымен бірлесе шаңыраққа мұқтаж отбасыларға баспана да сыйлайды. Осылайша соңғы он жыл ішінде 37 жанұя баспаналы болды. Олардың арасында Гауһар Қасымқызының отбасы да бар. 49 жастағы әйел 6 перзент тәрбиелеуде. Отанасы ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, осы шақырақта немере тәрбиелеуді қалайды. 

«Үш жыл алдын күйеуім өмірден өткен еді. Сөйтіп «Үлес» қоры және Қазақстан Халқы Ассамблеясы баспана сыйлады. Осындай ізгі жандарға айтар алғысым шексіз. Жақсылықтары Алладан қайтсын»,- дейді көп балалы ана. 

Елімізде барлық этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл ретте Ассамблея қызметін ерекше атап өткен жөн. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер