Жақында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Ақсукент ауылында орналасқан Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінің мәжіліс залында «Тарихтан тағылым» тақырыбында этнос жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге тарихшы, жазушы, драматург, ақын, журналист Иброхим Туркий, ақын, жазушы Нұрғиса Төремұратов, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Асан Шоқатай, Сайрам аудандық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы әйелдер кеңесінің төрайымы Зумрад Ахмедова, кәсіби медиатор Сайера Даванова, Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапхананың кітапханашысы Бақыт Ақылбекова, С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Назира Серперова және №31 Бәйдібек атындағы жалпы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі Аян Муратов, ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері мен ҚХА жанындағы Ассамблея жастары қатысты.
Жиынды «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мамадиярұлы ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуда сөз алған А.Муратов: «Біздің халқымызда ата-мекенді ардақтау сезімі өте тереңде жатыр. Туған жерді қасиет тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Туған жер – ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер, анамыз. Адамзатта екі ана болады. Жарық дүниеге әкелген анасы және осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан – деген ұғымдар жүрегіне жақын. Атамекен – туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата-бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. «Атамекен – алтын бесік» деп ата-бабамыз тегін айтпаған», деп кездесудің мазмұнын тереңірек айтып өтті.
Н.Серперова өз сөзінде: «Ұлттық құндылықтар бір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ұлттық құндылықтар әр халықтың тарихын, дәстүрлерін сонау көне ғасырлардан біздің уақытқа дейін жеткізген құрал.
Біздің қазақ халқын осы ұлттық құндылықтар ел қылып, халық қылып отыр. Мысал келтірейін: біздің спортсмендер туымызды көкке көтеріп, елімізді бүкіл әлемге танымал жасап жатыр. Шетелге барған жастар шетелдің көшелерінің ортасында отырып, оюлы домбырамыздың қоңыр үнін тыңдатады. Наурыз секілді ұлттық мейрамдар ұлттымыздың құндылығын, рухын көтереді. АҚШ-та оқып жүрген жастарымыз Наурыз мейрамында оқу орындарына ұлттық киіммен барып, сыныптастарына қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.
Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әр қайссынын құрмет тұтуымыз қажет. Себеі ұлттық құндылықтар - ұлттың қазынасы.
Осындай ұлттық қазынамыздың арқасында біздің еліміздің жастары салт-дәстүрлерге сай болып, тәрбиелі болып өседі. Бұндай құндылықтар арқылы халықтың рухын сақтаймыз, бірлігіміз қатайя бастайды.
Айта келгенде, бабаларымыз ұрпақтарына осы құндылықтар жетсін, тарыхымыз сақталып қалсын деп қаны мен терін осы жерге төккен. Осыны біле тұрып, біз қалайша еліміздің құндылығын ұмыта аламыз? Керісінше, біз тілімізді, дәстүрлерімізді өсіп келе жатқан ұрпақтарүа нассихаттауымыз қажет.
», – деді өз ойын білдіріп.
Жиынды қорытындылаған Базарбай Мамадиярұлы: «Ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы. Негізгісі жеті ата ұғымы. Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таралуының нақтылы жүйесі. Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі. Ата-бабасының есімдерін шежіреге жазып, әкесінен бастап, атасын, одан кейінгі ата-бабаларын, яғни жеті атасын жатқа айтатын болған. Олардан тараған ұрпақ бір атаның балалары деп есептелген. Жеті атадан тараған ұрпақ жеті рулы елге айналады.
Қазақ халқы ұрпағына кішкентай кезінен жеті атасын жаңылмай атауды үйреткен. Көрген адам "жеті атаң кім?" деп сұрай алған. Жеті атасын білмеуді ұят, ар-намыс деп санаған», – деп салиқалы ойын жеткізді.
Кездесу барысында жастар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.