Ақсақалдар бірліктің дәнекерші тұлғалары

image.png

Облысымыздың оңтүстігінде орналасқан Жетісай мен Мақтаарал аудандарының халқы ынтымақпен еңбек етуде. Әсіресе ақсақалдардың бастауымен кез - келген жерде тентегін түзететін, түрлі түйіндерді шешетін, азаматтарды бірлікке бастайтын ізгілікті дәстүр бар. Бұл үрдіс екі ауданда да жалғасып келеді. 

Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді. 

Бейсенбай Дәулетұлы  ауыл ақсақалдары, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының жетекшілері, құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесті. Еркін сұхбаттасып, өзекті проблемаларды қозғады. 

«Қоғамда әділдікті, еңбекті, тұрақтылықты, достықты дәріптеу маңызды. Ұрпақты, яғни жаңа толқынды сабырлық пен ізгілікке шақырып, бойларына сіңіріп отыру үздіксіз жүргізілуі керек. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін ел көру қажет. Әсіресе жұмыссыз жүрген жастарды мейлінше тартып, олардың маман иесі атануына не кәсіппен айналысуына ықпал жасауға мүмкіндік мол. Колледжердегі гранттар немесе «Серпін» бағдарламасы арқылы тегін білім алып, жұмысқа орналасса дейміз. «Жастар практикасы» да бар. Әскерден борышын өтегендер университеттерге тест тапсырмай грантқа оқуға түсе алады. Мұның бәріне жастарды бейімдеу үшін тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді талап етіледі. Жұртшылыққа ресми емес, қарапайым тілде жеткізе білген жөн. Сонда білікті кадр тапшылығы мәселесі де шешіледі. 

Жиындарда мектептердің жолдарына жарықшамдар орнату, асфальт салу, спорт кешендерін көбейту, тұрғын үймен қамту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ақпараттандыру сынды өзге де ұсыныс-пікірлер айтылды. Барлығы қабылданды. Осылай бірлесе, кеңесе атқарылған істер әлбетте оң нәтижеге жеткізері анық»,- деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер