Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау маңызды

image.png

«Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» КММ-сімен бірлесе - «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

Аталған шараға ҚХА жанындағы Келес аудандық Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелері, Келес аудандық полиция бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің “Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау” тобының инспекторы полиция майоры Есенкулова Эльмира Қанатқызы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологы Мұрат Сауле Есімханқызы, әлеумметік қызметкері Касымов Адилжан Кахарманович, мәдени ұйымдастырушы Жолдыбаев Бағдаулет Қалдыбекұлы мен мамандары қатысты.

Жиында Аналар кеңесінің төрайымы Г.Сәрсенова: Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді. Алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті жұмыстар атқарылуы қажет. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында екендігін айтып өтті.

Сонымен қатар Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің “Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау” тобының инспекторы полиция майоры Э.Есенкулова аталған тақырып бойынша: Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға  қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Отбасы – бұл қоғамның бір бөлшегі. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 15 сәуір күні Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасынның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылғандығын,  аталған Заң 16 маусым күні заңды күшіне енетіндігі жөнінде айтып ескертіп, Заңдағы жауапкершіліктерді нақтылап айтып ескертіп, брошюралар (кітапша) таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс - шара соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп, жиналғандар тиісті деңгейде ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер