Егіздер жарысты

image.png

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Түлкібас ауданының филилалы мен Түлкібас ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Н.Қуанышбекованың басшылықтарымен Түлкібас аудандық аналар мүшелерімен бірлесе Ұлттық құндылықтарға негізделген:  Отбасы - тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды – өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып, отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие арқылы бала бойында адамгершілік, сыйластық, ата-анаға, қоршаған ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері, тәрбие тәсіл, тәжірибелері арқылы сіңіру, тәрбиелеу. Бірлескен жұмысты іске асыру үшін егіздер арасында ұйымдастырылған «Егіздер тәңірдің берген сыйы» байқауы Түлкібас кенті, Мәдениет үйінде болып, әділ-қазылардың шешімі бойынша  жүлделі орындарға ие болғандар:

1-орын – Ғалым Бекарыс, Ғалым Асел, Қорғанбай Мағжан, Қорғанбай Маржан, 2-орын –Узақбай Асел, Узақбай Жанель,  Ермекбай Еркем, Көркем Берикқызы, 3-орын – Тулепбай Есбол, Тулепбай Мурат, Туран Раяна, Туранов Мурат.

Аталған іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ-ні Түлкібас аудандық филиалының маманы З.Пернебай, Түлкібас кенті  әжелер алқасының төрайымы Ф.Естібаева, байқаудың бас демеушісі Феризат Қасқырбекқызы, Түлкібас кентінің әкімі, Түлкібас кент әкімшілігінің қызметкері А.Түймебаева, Түлкібас ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Н.Қуанышбекова, Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары А.Күзембаева, Аналар кеңесінің мүшелері мен ата-аналар, тұрғындар қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер